Мектеп оқушылары латын әліпбиін меңгере бастады

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлмира Жантілеуқызы қазірден бастап оқушыларына латын әліпбиін үйретіп жүр. Гүлмира шәкірттерінің жаңа әліпбиді тез меңгеріп кетуін қалайды. Сол себепті сыныптағы дәріспен шектелмей, кітапхананың Латын әліпбиі залына апарып тұрады. Мұнда оқушылар өткен ғасырдың басында қазақ зиялыларының латын әліпбиінде басылып шыққан еңбектерімен танысады. Көрмеде 1928-1940 жылдары аралығында латын әліпбиінде шыққан мектеп оқушыларына арналған оқу құралдары, әдеби, мерзімді басылымдар бар. Осы жылдар аралығында шыққан 2000 кітаптың 80 пайызы Ұлттық академиялық кітапханада сақтаулы. Балалар оқулықтағы шығармаларға үлкен қызуғышылық танытты. «Кириллицада шыққан кітаптарды латын қарпіне көшіруге байланысты бағдарлама дайындалып отыр. Бұл бағдарлама 5 минуттың ішінде кез келген кітапты кириллицадан латын қарпіне көшіріп беретін болады. Демек, оқырманның кез келген оқулықты екі тілде оқуға мүмкіндігі болады», дейді ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қызметкері Елдос Тоқтарбай.

Көрулер: 4 119

Ұзақтығы: 2мин 11сек

Қосылды: 07.11.2017

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.