Актриса Ғазиза Әбдінәбиева: Әкемнің екі-үш сөзімен адам болдым

Бұл жолғы бағдарлама Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, кино және театр актрисасы Ғазиза Әбдінәбиеваның «Дара жолына» арналды. Өнер иесі балалық шағы мен өзінің өмір өткелдері туралы естеліктерімен бөлісті. «Әкемнің көрмегені жоқ. Соғысқа қатысқан. 9-сыныпта оқып жүргенімде куәлік алатын уақыт келді. Сонда әкем «Әбішев біздің тек емес, мен саған өзімнің атымды беремін», деді. Сонда қиын заманда жан сақтап қалу үшін бірнеше үй Әбішев болып жүрген екен. Әкем «Ғазиза Әбдінәбиева боласың, менің атымды сен шығарасың» деген. Отбасымызда үш қыз болдық. Қазақта ұл балаға ерекше қарайды ғой. Бізде ұл болмады. Мен үйдің ортаншысымын. «Әкемнің атын қалай шығарамын?» деп ойлайтынмын. Ол кісінің екі-үш сөзімен адам болдым, ақылы мені осы күнге жеткізді. «Қарапайым бол, жұрттың батасын ал! Қандай қиындық болса да, жарқырап жүр», деп айтатын. Солай есейдік, оқыдық. Есейгенде әкемнің сөзі дұрыс екенін түсіндім. Әкем тұтқында болып, одан кейін мал бағуға Сырдарияның ар жағына жіберілген. Онда да қой емес, сиыр баққан. Ендігісі, менің тапқан жігітім малшының баласы болды. Күйеуіме «мен әртіспін, сахнада жүремін. Менің өнерім қиын, қызғансаң отбасы бола алмаймыз», дедім. «Бұл сөзге қайтып оралмайық», деді. Осы күнге дейін оралмадық. Оның да жақсылығын айту керек», - дейді әртіс.

Көрулер: 4 478

Ұзақтығы: 4мин 14сек

Қосылды: 06.11.2017

Пайдаланушы: Дара жол

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.