Мәкен Рахымжанова: Актер тек қана сынмен өседі

Бүгінгі бағдарламаның кейіпкері ҚР Халық әртісі Мәкен Рахымжанова. Актриса өзінің балалық шағы, өнер, өмір жолы туралы естеліктерімен бөлісті. «Сынды көтере алмаған, қабылдамаған актер актер емес. Мен өмір бақи сынға ұшыраған актрисамын. Соның бәрін көтердім, ренжімеймін. Себебі, мен өзімнің шығар шыңымды білемін. Алматы облысының Жаңашаруа облысында дүниеге келдім. Бала кезімде кішкентай клубта ауыл адамдарына өнер көрсетеміз. Сонда халық қол шапалақтағанда, өзімді бақытты сезінетінмін. Бала күнімде «Кім боласың?» дегенде, «әртіс боламын» деп жауап беретінмін. Есейе келе, шынымен де әртіс болу арманым екеніне сендім. Мектеп бітіріп, Алматыға бардым. Комиссияның алдында образғы сықақ оқыдым. Комиссия құрамы көздерінен жас аққанша күлді. Емтиханнан кейін бірінші өзімнің фамилиямды көрген сәтті ешқашан ұмытпаймын. Ұстазым керемет режиссер Жақып Омаров болды. Оқу бітірген соң 9 адам болып Жамбылға кеттік. Қазір сол тоғыз адамнан мен жалғыз қалдым. Бірі театрдан кетсе, бірі театрдан ауысты, ал, бірі дүниеден өтті. Биыл осы салада еңбек еткеніме – 45 жыл. Ұстаздарымның баталары осы күнге дейін маған күш береді», - дейді өнер иесі.

Көрулер: 3 061

Ұзақтығы: 19мин 16сек

Қосылды: 03.11.2017

Пайдаланушы: Келбет

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.