«Ит» мультфильмі халықаралық кинофестивальде бас жүлдені жеңіп алды

Режиссер-аниматор Мейіржан Сандыбайдың «Ит» атты қысқаметражды мультфильмі бүгінгі қоғамның ең өзекті тақырыбы - тастанды сәбилер тағдырын арқау етеді. Қоғамның ауыр дертін қозғау арқылы бүкіл адамзатқа үндеу тастаған туынды биылғы «Еуразия» халықаралық кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алды. Бұл - Қазақ Ұлттық өнер университетін енді тәмамдаған жас аниматордың алғашқы үлкен жетістігі. «Бала кезімнен фильм, анимацияға ынтық болдым. Кейін өсе келе оның үлкен идеологиялық күш екенін түсіндім. Өзіме өнер арқылы қоғамды жақсы жаққа өзгертуге мақсат қойдым. Мультфильмді шетелден кем жасамаймыз. Оның үстіне рухымыз, иісіміз қазақ болған соң қазақ баласын жақсы түсінеміз. Сондықтан, мүмкіншілік беріліп жатса, олардан еш кем болмаймыз», - дейді режиссер. Жалпы, бүгінде аниме фильмдері даму үстінде. Оған анимация бөлімінің соңғы технологиялармен жабдықталуы да зор мүмкіндік беріп отыр. Осындай жаңа әдіспен жасалып отырған туындының бірі – «Мұзбалақ» толықметражды мультфильмі. Қытайда жылына 3000 сағат анимациялық фильмдер жасалады екен. Себебі, олар балалар арналарын өз туындыларымен толтырады. Қазақ анимациясының 50 жылдығына орай биыл біздің елде жалпы уақыты 2 сағатты құрайтын мультфильмдер жасалды. Осыған дейін бұл көрсеткіш 50-60 минуттан аспайтын. Ал, соңғы жылдары үлкен экранға жол тартқан «Ертөстік», «Қазақ елі» анимациялары осы саланың өріс ала бастағанының нақты дәлелі.

Көрулер: 3 315

Ұзақтығы: 3мин 44сек

Қосылды: 30.10.2017

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.