Мұрат Жұрынов: Латын әліпбиінің кейінгі жобасы көңілге қонымды

Қазіргі уақытта ең үздік ғылыми жұмыстарға мемлекет тарапынан арнайы сыйлық беру қолға алынып жатыр. Биыл қандай ғалымдар қандай жұмыстары үшін арнайы марапаттарға ие болды? Осы және басқа сұрақтарға студия қонағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Мұрат Жұрынов жауап берді. «Биыл ғылым саласында берілетін ең үлкен сыйлық – Әл-фараби атындағы мемлекеттік сыйлық. Ол төрт жұмысқа берілді. Мен комиссия мүшесі ретінде жұмыстарды талқылап, оларды Президентке ұсындық. Оның ішінде физик Ратбай Мырзақұлов. Оның жұмысы өте жоғары теориялық маңызы бар жұмыс. Ол Эйнштейннің жұмысын қосымша ілгерілетіп, жаңартқан адам. Оны дүниежүзі мойындады. Бұл Қазақстанның ауыз толтырып айтатын ең үлкен жаңалығы. Екіншісі, Теміртаудағы металлургия комбинатының технологиясына өзгеріс енгізген экономика ғылымдарының докторы Нұртай Абықайұлы. Оның шәкірттері осы сыйлыққа ие болды. Үшіншісі, әйгілі археолог Карл Байпақов. Оның Оңтүстік Қазақстандағы жұмыстары. Атап айтқанда, ол Сыр бойындағы ескі қалалар туралы, қазақтың қолөнері дамыған кездерді дәлелдеп шықты. Және де осы тізімде денсаулық саласына жаңалық енгізген мамандар бар. Бұлардың барлығы Ұлттық ғылым академиясының мүшелері. Бұл сыйлық дәстүр бойынша екі жылда бір рет беріледі. Біз Түркістанда университет құрған кезде көп елдерден студенттер, мамандар келе бастады. Олар кириллицаны білмейтін. Олар бізге латынша әліпби жасауды ұсынды. Ол кезде академик Рахманқұл Бердібай және біраз профессорлар ақылдасып Ахмет Байтұрсыновтың әліпбиін негізге алдық. Біраз өзгеріс енгізіп, компьютерге енгіздік. Осылайша кез келген елдің компьютер тақтасында шығатын латын әліпбиін жасадық.

Көрулер: 3 085

Ұзақтығы: 9мин 45сек

Қосылды: 13.10.2017

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.