Балаларға арналған паровоздарды елімізге алғаш әкелген кәсіпкер

Жоқтан шығып, биік белестерді бағындырған жандар бізде жетерлік. Мысалы, 32 жасында миллионер атанып, көпке көмек көрсетіп жүрген Бауыржан Тілеубергенұлы. Сондай-ақ Бауыржан Тілеубергенұлы «Синергия» университетінің ректоры. Әкесі өмірден озған соң, анасы ұлын алып, туған жері Ресейге көшеді. Тұрмыстағы қиындықтарға мойымаған бала 5 сыныптан бастап, сабақтан соң әртүрлі жұмыс істеп, анасына қолғабыс еткен. Мектепті үздік тәмамдаған Бауыржан 19 жасында университетті аяқтап, мамандық алып шығады. Алдына биік мақсат қойған азамат білімі мен азды-көпті тәжірибесін ұлтқа қызмет етуге жұмсады. Елімізге электр қуатымен жүретін паровоздарды осы кәсіпкер әкелген. 6 жасында әкесінен айырылған Бауыржан баланың сол кездегі арманы – пойызға отырып, әлемді шарлау болыпты. «Шетелге жүрген паровоздар неге бізде болмасқа?» деген оймен тапсырыс берген екен. Қазір 25 паровоз Қазақстанда және көрші Қырғыз елінде балаларға қызмет етіп жатыр. Ұлыбритания көшелерінде жүретін екіқабатты автобустарды кәсіпкер 2015 жылы балаларға тосынсый жасап, елімізге Португалиядан алып келген.

Көрулер: 2 725

Ұзақтығы: 3мин 51сек

Қосылды: 12.10.2017

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.