Елордалық Салтанат Ерсұлтан «Алтын сақа» фестивалінің жүлдесін ұтып алды

Елордалық Салтанат Ерсұлтан «Түрксой» ұйымымен ұйымдастырылған «Алтын сақа» халықаралық анимациялық фильмдер фестивалінде арнайы жүлде ұтып алды. Студияға келген Салтанат Ерсұлтан байқаудағы жетістіктерімен, жоспарларымен бөлісті. «Бұл анимация саласындағы алғашқы жетістігім. Байқау Түркістан қаласында өтті. Мен ең жас қатысушысы болдым. Қатысқан аниматордардың жастары 40-50 жастағы кісілер. Ішінде арнайы жүлдені алғаныма ризамын. Мен үшін бұл үлкен жетістік. «Арман» мультфильмінде құрт пен ұлудың арасындағы диалог өтеді. Сюжет бойынша құрттың арманы - көбелек болу. Ал, ұлу оның көбелек болмайтынына сендіргісі келеді. Мұндай жағдай өмірде де болып жатады. Адамдар бір түннің ішінде жұлдызға айналады. Оларды да көреалмайтын адамдар болады. Бала кезімнен жыр, дастан естіп өскен баламын. Өзіміздің дастандарымызды мультфильм жасап шығарсақ, осы салада үлкен орын аламыз деп санаймын. 1,5 минуттық мультфильмді 3 ай жасадым. Әлі де жасап жатырмын. Мақсатым – «Оскар» жүлдесін алу. Жұмыс негізі қиын. Алғашқы жұмысым болған соң оңайынан бастадым. Сондықтан осы кейіпкердерді таңдадым. Қазіргі таңда анама клип түсіріп жатырмын. Көп ұзамай ол жаңалықпен сіздермен бөлісемін. Ол кезде мультфильм адамдар кейіпінде болады», - дейді қонақ.

Көрулер: 4 133

Ұзақтығы: 7мин 56сек

Қосылды: 03.10.2017

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.