Биыл «Таңшолпан» бағдарламасына 25 жыл

Биыл «Таңшолпан» бағдарламасы 25-ке толып жатыр. 1992 жылы 14 желтоқсанда тұңғыш рет «Қазақстан» арнасының эфирінен «Таңшолпан» бағдарламасы қалың көрерменге жол тартты. Сол сәттен бастап «Таңшолпан» халықтың сүйікті бағдарламасына арналды. Бағдарламаның алғашқы жетекшісі Иманбай Жұбаев алғашқы хабарды Лаура Юсупжановамен бірге жүргізді. Эфир тізгінін Хадиша Жамекова, Гүлмира Дайрабаева, Ләззат Танысбай сынды жүргізушілер қолға алды. «Таңшолпанда» қызмет еткен кез келген қызметкер үшін бағдарлама үлкен мектеп болды. Бүгінде сол қызметкердің әрбірі мықты маман, абыройлы азамат, беделді журналист атанды. Иманбай Жұбаев: «Мен бастапқыда 9 жыл радиода қызмет жасадым. Телеарнаға келемін деген ойда болған жоқ. Біздің ұжымға 92 жылдың басында таңғы-ақпараттық бағдарлама ашып, оны жүргізу тапсырылды. «Таңшолпанның» мақсаты - ақпарат беру еді. Бағдарламаның айдарлары көп болды. Мысалы, «Даналық әріптесі» айдары. Бағдарламаға жүргізушілерді кастинг арқылы алатынбыз. Шамамыз келгенше журналистер қатарынан алғымыз келді».

Көрулер: 4 207

Ұзақтығы: 14мин 57сек

Қосылды: 28.09.2017

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.