Сейсенбай Жанасылов: Палуанға бейімділік бала күннен белгілі болады

Қарағанды өңірінің Ақадыр өлкесінде палуандардың бір шоғыры қалыптасты. Солардың 50-ден астамы спорт шебері. Тіпті, самбо мен дзюдодан Азия чемпионы атанған шәкірттер жетерлік екен. 45 жыл тарихы бар спорт мектебі небір сындарды басынан өткерсе де, білікті басшы орталықтан шалғайда жатқан ауыл спортының туын жықпай, берік ұсап келеді. Қазіргі таңда бұл мектепте 200-ден аса жасөспірім спорттың 8 түрі бойынша жаттығады. ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сейсенбай Жанасылов 40 жылдан бері жас өрендерді спортқа баулып, әр баланың қарымына қарай шалымын үйретуден жалыққан емес. Кейіпкеріміздің ұлдары да спорт саласын таңдап, әке жолын қуып, жаттықтырушы қызметін атқарады. Жұйбайы Күләшхан Рашатқызы - тоғызқұмалақтан жаттықтырушы. Спортты серік еткен Жанасыловтар осы мекендегі өнегелі отбасының бірі. «Кейбір бала физикалық, кейбірі тактикалық жағынан мықты болады. Оның бәрі біріккенде спортшыны ешкім жеңе алмайды. Палуанға бейімділік бала күнінен белгілі болады. Оны байқап, баланы спортқа баулу керек. 90-ыншы жылдары кіші мекемелер, спорт мектептері жабылды. Біз біраз азаматтар болып, әкімдерге, облыстық, республикалық басшыларға өтініп, мектепті алып қалдық», - дейді Сейсенбай Жанасылов.

Көрулер: 3 347

Ұзақтығы: 3мин 53сек

Қосылды: 25.09.2017

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.