Айтыскер ақын Аманжол Әлтаев: Көпшілік іздеген соң домбырамды қайта қолыма алдым

Айтыскер ақын Аманжол Әлтаев «Таңшолпанда» қонақта болып, өмірдегі және өнердегі жаңалықтарымен бөлісті. Қазақтың ұлттық өнерін ерекшелеп көрсететін – айтыс. Айтысқа келгеніме 30 жыл болып қалды. 2012 жылы Қонаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған айтыста алтын жүлдені алып, кейін 5 жыл демалдым. Көптеген көрермен мен жанкүйерлерім іздеп, «өнеріңізді сағындық», - деді. Осының бәрін қорытындылай келе, тамыз айында үлкен айтысқа қатыстым. Биылғы жыл дүбірлі оқиғаға толы болды. Оның ішінде Қазыбек бидің 350 жылдығы бар. Сол мерекеде Халықаралық айтысқа біраз елден ақындар келді. «Аламанға түсетін уақытым болды» деп, қолыма домбыра алып, сахнаға шықтым. Қазылар алқасы бас бәйгені маған беруді бірауыздан шешті», - дейді ақын. Сондай-ақ, ақын кеше ғана жабылу салтанаты өткен «ЭКСПО-2017» көрмесі туралы ой-пікірімен бөлісті. «ЭКСПО – болашағымыздың жарқын көрінісі. Бұл - әлемді елеңдетіп отырған құбылыс. Ару Астанамызға көптеген мемлекеттің өкілдері келіп, өздерінің жаңалықтарын ұсынуы әрбір қазақстандықты қуантады. Астананың іргесінде салынған этноауылдан шетелден келген қонақтар мәдениетімізді, спорт және өнерімізді көріп, танысып, сүйсінді. Мен өз елімнің азаматы ретінде қуаныштымын».

Көрулер: 7 366

Ұзақтығы: 17мин 25сек

Қосылды: 11.09.2017

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.