Жазушы Төлен Әбдік: Кириллицаның қалай қалыптасқанын білген адам одан неге құтылу керек екенін түсінеді

Бүгін - драматург, қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Төлен Әбдіктің туған күні. Бағдарлама жүргізушілері туған күн иесін «Таңшолпан» ұжымының атынан құттықтады. Жазушы адамның психологиясы, болмысы туралы қозғап жүр. Онымен бірге шығармаларында шынайылықты, адамгершілікті іздейді. Ал, белгілі қаламгердің азамат болып қалыптасуына, жазушы болуына кім әсер етті? Қазақстанның латын қарпіне көшуіне қатысты пікірі қандай? Жазушы сұхбат барысында осы сұрақтарға жауап берді. «Азамат болып қалыптасуға әсер етуші - бірінші ата-ана. Менің ата-анам беделді адамдар болған жоқ. Бірақ, солардың бойындағы тазалық, адалдық маған берілген секілді. Қазір рухани жаңғыруға қатысты пікірлер аз емес. Өзіміз де осыған қатысты көптеген материалдар жазып жүрміз. Оның ішінде ұлттың дамуына қатысты мәселелер де бар. Соның бірі – тілімізді кириллицадан латынға ауыстыру. Бұл идея Тәуелсіздік алғаннан бері айтылып келеді. Көрші елдер о бастан латын әрпіне көшіп кеткен. Кириллицаның қалай қалыптасқанын білген адам одан неге құтылу керек екенін түсінеді. Латын тіліне ұмтылыс – табиғи нәрсе. Өйткені, жұрттың бәрі өркениетке ұмтылады. Тәуелсіздік алғаннан кейін біздің де әлемдік өркениетке жетер мүмкіндігіміз де мол. Сондықтан латынға ауысу - өркениетке жақындау, түркі халқымен жақындасу», - дейді жазушы.

Көрулер: 3 251

Ұзақтығы: 6мин 08сек

Қосылды: 04.09.2017

Пайдаланушы: Admin

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.