Қазақстандық үздік анимациялық мультфильмдер

Қазақ күресінің сюжетін арқау еткен «Қазақстан барысы» мультфильмі төл спортымызды насихаттауға үлкен септігін тигізді. Үлкендердің де, балалардың да қызығушылығын тудырған анимациялық фильмде қазақ күресінен жан-жануарлар арасындағы бәсеке суреттеледі. Жұртын жұттан құтқару үшін өзін құрбан еткен Толағай туралы халық ертегісін режиссер Батырхан Дәуренбеков 2011 жылы мультипликациялық фильм ретінде көрермен назарына ұсынды. Мұнда туған жерге деген шексіз махаббат көрініс табады. Жазушы Мұхтар Әуезовтың әйгілі «Көксерек» әңгімесі 2015 жылы режиссер Мейіржан Сандыбайдың бастамасымен мультфильм болып жарық көрді. Бала Құрмаш қанша бауырына тартса да орманға қарап ұлыған қасқыр туралы баяндайтын анимациялық фильмді Қазақ Ұлттық өнер университетінің студенттері мен «Қадам» студиясы бірлесіп шығарды. 2009 жылы жарық көрген режиссер Батырхан Дәуренбековтың «Қошқар мен теке» анимациялық фильмі көптің көңілінен шығып, еліміздің атынан талай халықаралық байқауларда бақ сынаған туынды. Сюжетте тар қораға қамалған жануарлардың еркіндік іздеп, иелерінен жыраққа кетуі баяндалады. Сол жолда олар талай шытырман оқиғаны басынан өткереді. Кино мен мультфильмдерді талғаммен таңдап, қарайық!

Көрулер: 9 451

Ұзақтығы: 2мин 32сек

Қосылды: 22.08.2017

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.