Травматолог Анатолий Чучуло 45 жылда 30 мыңнан аса операция өткізген

Травматолог-дәрігер Анатолий Чучуло шәкірттерінің жамбас, сүйекке жасап жатқан операциясына кіріп, қолдау көрсетіп шықты. Күрделі операцияға белгілі травматологтың қатысып, сәттілік тілеуі - әріптестері үшін ерекше құмет. Себебі, зейнетке кетіп бара жатқан дәрігердің бүгін соңғы жұмыс күні. Анатолий Николаевич медицинаға 45 жыл ғұмырын арнаған. Оның 33 жылын Алматыдағы 4-ші қалалық клиникалық ауруханада өткізіпті. Ауруханының травматология бөлімін басқарған Анатолий елімізде алғаш рет жамбас, тізе буындарын айырбастау операциясын жасаған. Шетелде білімін жетілдіріп, медицинадағы инновациялық жаңалықтарды меңгеріп, шәкірттеріне үйретті. Ұжымда өзінің мектебін қалыптастырды. Анатолий Николаевич басқаратын бөлім жылына 1000-ға жуық науқасты емдесе, 900 операцияны дәрігердің өзі жасайды екен. 45 жылда 30 мыңнан аса операция өткізсе, оның 10 мыңы өте күрделі науқастар. «Алтын қолды» атанған дәрігер маман денсаулық сақтау ісінің үздігі, еңбек ардагері. «Жас кезімде токарь болып жұмыс істедім. Ол менің травматолог болуыма септігін тигізді. Сынған сүйекті шеге мен балға қолданып немесе бұралатын темір арқылы бекіту де осыған ұқсас. Бірге қызмет етіп жүрген әріптестеріммен бір үйдің адамындаймыз. Уақытымыздың көбісі осында өтетін болғандықтан, аурухана – екінші үйіміз», - дейді ардагер.

Көрулер: 3 408

Ұзақтығы: 2мин 52сек

Қосылды: 14.08.2017

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.