Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Айымбетов арасындағы бес сәйкестік

Бүгін - қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес одағының батыры Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтің туған күні. Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27-шілдеде Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Алдыңғы бағдарламада ғарышкер «Абайдың 45 сұрағы» айдарында біраз сұрақтарға жауап берген болатын. Оның ішінде ғарышкер Айдын Айымбетов екеуінің арасындағы сәйкестіктер туралы сауалдар болды. Сонымен, зерттей келе, қос қаһарман арасындағы 5 ғажайып сәйкестікті ұсынамыз. Біріншіден, екеуі де бір айда, бір күнде дүниеге келген екен. Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы дүниеге келсе, Айдын Айымбетов 1972 жылы туған. Жұлдызнама белгілері - арыстан. Астрология ғылымында бір күні келген адамдарды «жұлдызды егіздер» деп атайды. Ғалымдардың айтуынша, олардың өмірі мен мінездерінің ұқсастықтары аз емес. Екіншіден, Тоқтар Оңғарбайұлы да, Айдын Ақанұлы да бір оқу орнын бітірген. Жоғарғы әскери училище түлектері. Тоқтар Әубәкіров 1969 жылы, ал, Айдын Айымбетов 1993 жылы оқуды аяқтаған. Арасы – 24 жыл. Үшіншіден, бірі ғарышқа 1994 жылы ұшса, екіншісі 2015 жылы көк жүзіне көтерілді. Арасы тағы да 24 жыл. Төртіншіден, Тоқтар Оңғарбайұлы 2 қазан, ал, Айдын Ақанұлы 2 қыркүйек күні ғарыш сапарына аттанды. Күнтізбеге қарасаңыз, екеуі де аптаның сәтті сәрсенбісіне тура келеді. Соңғы және ең қызықты сәйкестік, Тоқтар Оңғарбайұлы ғарышқа ұшқандағы командирі Александр Волков болды. Ал, Айдын Ақанұлының командирі Александр Волковтың ұлы Сергей Волков.

Көрулер: 7 434

Ұзақтығы: 1мин 35сек

Қосылды: 27.07.2017

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.