Әнші Дастан Оразбеков: Бір адамды сүйіп жүріп, басқа адамға ғашық болу – қиын жағдай

Көпшіліктің көзайымына айналған адамның өмірлік жолдасы болу қаншалықты қиын? Жұлдызға жар болу бақытты болудың кепілі ме, әлде үнемі арпалыспен өтетін өмір ме? Танымал адамның жары қандай қасиеттерден аулақ болуы керек? Студияға келген әнші Дастан Оразбеков осы сауалдар төңірегіндегі ой-пікірімен бөлісті. «Жарымның есімі - Жанат. Танысқанымызға биыл - 12 жыл. 2 жыл жүріп кейін үйлендік. Танымал адамдар үйленгенін әртүрлі себептермен жасырады деп ойлаймын. Алайда, бұл олардың жеке өмірі. Өзім үйленген соң бәріне жария еттім. Жарым өзінің айтқанын қайтпайтын адам. Принциптері, көзқарасы бар. Тік сөйлейді. Ренжісе, ұзақ ренжиді. Ренжіскенде кешірімді мен сұраймын. Не дегенмен, әйел адамдар жұмсақ келеді. Сондықтан, біз, еркектер төзімдірек болуымыз керек. Биыл отасқанымызға 10 жыл болады. Бір адамды сүйіп жүріп, басқа адамға ғашық болу – қиын жағдай. Жұбайыммен басында «егер өзге біреуді сүйіп қалсақ, бір-бірімізге айтамыз», деп алдын ала келіскенбіз. Өйткені, өзіңді де, өзгенің де сезімін алдамау керек. Меніңше, ондай жағдай болмауы да керек. Ал, егер отбасымда ондай жағдай туындаса, онда оны босатамын. Ол - тек айырылысу ғана», - дейді әнші.

Көрулер: 4 808

Ұзақтығы: 14мин 51сек

Қосылды: 27.06.2017

Пайдаланушы: Әйел Бақыты

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.