Гүлмира Сәмбетбаева: Ауылдастарым асарлатып 40 күнде жаңа үй салып берді

Адамгершілік - ардың ісі. Үйі өрттен, су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға ауылдастары не достарының асарлатып үй салып беру - игі іс. Жамбыл облысының Меркі ауданындағы Ақтоған ауылында ерекше еріктілер тобы құрылды. Олар жалғыз басты қарияларға, мүмкіндігі шектеулі жандар мен көпбалалы отбасыларға асар жасап, үй салып беруді дәстүрге айналдырған. Қазірдің өзінде бұл ауылда 6 үй жаңадан бой көтерген. Осы ауылдың тұрғыны Гүлмира Сәмбетбаева бірнеше жыл бұрын баспанасыз қалған. Қазір ол ауылдастары салып берген 3 бөлмелі үйде тұрады. Бұл үйге ауыз су мен газ кіргілізіліп, телефон желісі де жүргізілген. «Мектепте 45 жыл қызмет еттім, қазір зейнеткермін. 2009 жылы жұмыстан үйге келсем, үйім құлап қалыпты. Оның алдында жаңбыр жауған етін. Үй ескі, әке-шешемнен қалған. Олар қайтыс болып кеткен. Жалғыз балам бар еді, ол да қайтыс болып кеткен. Жалғыз тұрамын. Содан соң бірге қызмет жасайтын әріптестеріме бардым. Үлкен басшылар, әкімшілік келіп, ауылдастарыммен ақылдасып үй салып, газ, су, телефон жүргізіп берді. Ауылдың 400 азаматы 40 күнде 3 бөлмелі үй салып берді. Ауылдастар ақша, мал беріп жатты. Олармен бірге мектептегі оқушылар да келіп асарласты. Бәріне алғысым шексіз», - дейді Гүлмира апа.

Көрулер: 2 861

Ұзақтығы: 9мин 32сек

Қосылды: 21.06.2017

Пайдаланушы: Айтуға оңай

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.