Әнші Нұрлан Өнербаев: Биыл үлкен концерттік кеш өткізетін ниетім бар

ҚР Халық әртісі, әуезді әндерімен халықтың сүйікті әншісіне айналған Нұрлан Өнербаев бағдарламаға сұхбат берді. «Шет жүрсем сағынарым» деп аналардың жүрегін елжіреткен әнші қазір қайда? Шығармашылығында не жаңалық болып жатыр? Нені армандайды? «Қазіргі таңда ел аралап, өңірлерде концерт беріп жүрмін. Жоспар бойынша үлкен шығармашылық кешім былтыр өтуі тиіс еді. Белгілі себептерге байланысты кейінге қалдырылды. Биыл үлкен концерт өткізбек ниетім бар. Қазір соның репертуарын жасап жатырмын. Мен өнерге 1978 жылы келдім. Мектепті бітіріп, театрда жұмыс істедім. Театр – өнердің қайнаған ортасы, қазақ өнерінің қара шаңырағы. Театрдың әрбір гастрольдік сапары романға арқау болатын қызықты сәттерден тұрады. Өйткені, әр өңірдегі театр ұжымдарының өнер кештері, көрермендермен кездесуі өте қызық. Театрда әншілік бағытымды ұстай бастадым. Сосын әнші ретінде жеке сапарларым басталды», - дейді өнер иесі.

Көрулер: 3 914

Ұзақтығы: 4мин 46сек

Қосылды: 09.06.2017

Пайдаланушы: Әйел Бақыты

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.