Марико Цунокаке: Қазақ тілін 10 айда меңгердім

Бүгіннен бастап Ұлттық арна көрермендерге «Қалампыр» телехикаясын ұсынады. Сейсенбі-бейсенбі аралығында жапон телехикасы күніне екі бөлімнен көрсетіледі. 2011 жылы жарыққа шыққан сериал Жапонияда кең танымал.  Отбасылық-өмірбаяндық кинотуынды 151 бөлімнен тұрады. Ұзақтығы - 15 минут.  Бүгін бағдарламаға қонақ болған Жапонияның Қазақстандағы елшілігінің үшінші хатшысы Марико Цунокаке осы фильмге қатысты, жапон елінің салтына, ұлттық киіміне қатысты және басқа сұрақтарға жауап берді. «Қазақстанға 2012 жылы келдім. Алдымен Алматыда бір жылдай қызмет еттім. Сол кезден бастап қазақ тілін меңгере бастадым. Басында қиналдым. Себебі, мен орыс тілін де, қазақ тілін де білмедім. Алайда екі-үш айдан кейін үйрене бастадым. Сөйтіп, 10 айдың ішінде қазақ тілін меңгердім.   Телехикаяға қатысты айтарым, бұл кино  өмірден алынған. Итоко деген қыз 1913 жылы туып, Жапонияда өмір сүрген. Ол кездері жапондықтар ұлттық киім киетін. Дегенмен, Итоко батыстық киім үлгісіне құмар болды. Сонымен қатар, ол кезде жапон әйелдері жұмысқа шықпай, үйде отыратын. Оны халық дұрыс деп санаған. Бірақ, Итоко мұндайға қарсы болған. Өзі жұмыс істегісі келген. Сөйтіп, ол тігінші ретінде жұмыс істей бастайды.  Басынан қанша қиыншылық көрсе де, ол арманына қол жеткізу үшін күреседі. Қазір сол Итоконың үш қызы Жапонияда танымал дизайнер», - дейді Марико Цунокаке.

Көрулер: 23 075

Ұзақтығы: 9мин 44сек

Қосылды: 16.05.2017

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.