Түрікменстан президентінің Қазақстанға сапарынан не күтеміз?

Студия қонағы - Халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Әлкей Марғұланұлы. Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов бүгін Астанаға келді. Аркадагтың бұл сапары екі елдің қарым-қатынасына қалай әсер етпек? Кейбір сарапшылар Бердімұхамедовтың Қазақстан астанасына сапарын сол елдегі күрделі экономикалық жағдаймен байланыстырып отыр. Мұның себебі неде? «Орталық Азияда үш мемлекетті ерекше атап өтуге болады. Ол - Өзбекстан, Түрікменстан және Қазақстан. Түрікменстан да - біздің еліміз секілді табиғи ресурстарға бай мемлекет.  Оның ішінде табиғи ресурстар қоры бойынша әлемнің бес мемлекетінің ішіне кіреді. Табиғи ресурстарды иелену – бір бөлек, ал, оны сату – бір бөлек. Сол себепті сапардың негізгі мақсаты – екі ел арасындағы қордаланған мәслелерді шешу және өзара сауда-саттық, ынтымақтастық әлеуетін жаңа бір деңгейге шығару», дейді сарапшы. Сондай-ақ, Әлкей Марғұланұлы екі ел басшыларының кездесуі нәтижесінде 10-ға жуық құжатқа қол қойылғанын атап өтті. Өткен жылы Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы тауар айналымы 283 млн. долларға жеткен деген мәлімет бар. Бұл қаншалықты дәделді? Екі ел арасындағы әлеуетті қаншалықты пайдалана алып отырмыз? Бердімұхамедов сапарынан не күтеміз? Бағдарлама барысында осы сауалдарға сарапшы пікірін біле аласыздар. 

Көрулер: 3 009

Ұзақтығы: 7мин 34сек

Қосылды: 18.04.2017

Пайдаланушы: Басты тақырып

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.