171 Рейтинг
16 Бейне
320 Белсенділік

Кейкі мерген

Жоба атауы: Кейкі мерген Жанры: телесериал Эфир күні мен уақыты: Сн-жн Ұзақтығы: 42 мин Қайталауы: ??? Қысқаша сипаттамасы: Оқиға – 1900-1922 жылдар аралығындағы тарихи кезеңді қамтиды. XX ғасырдың басындағы сәл де болса ырысы шайқалмаған қазақы ауыл, дәстүр мен салтқа, дін мен ділге берік халық ортасынан бастау алады. Бас кейіпкер Кейкінің аңшылығы, «сегіз қырлы, бір сырлы» жігітке тән мінезі, достығы, махаббаты көрініс табады. Дегенмен, бұл бейбіт күннің де ақыры жақындап, тықыр таянған мезгіл еді. Ояз билігіне қарайтын болыстар арасындағы кішігірім жер, құн дауы, барымта мен қарымтадан биік мәселелер бой көрсете бастайды. 1916 жылғы патша жарлығы, одан кейін Ақпан төңкерісі, іле-шала орын алған Қазан төңкерісі қазақ даласына сан қилы оқиғаларды алып келді. Осындай дүрбелең дүниеде «елім деп» қана атқа қонған Кейкінің тартысқа толы ғұмыры, жұрттың екіге жарылып аласапыран болған кезең көркем туынды оқиғасының негізгі арқауы болмақ. Ел аузында «Амангелді көз мерген, Кейкі қол мерген» деген тәмсіл қалған. Бас кейіпкер Кейкінің «қол мерген» деген атағының шығуы – аңшылық пен саятшылықта, барымтаға қарымта қайтаруда, ел арасында той жиналыста байқалады. Кейкі Торғай қаласының төңірегіндегі Шашамбайдың Рахметі дейтін көзі ашық, мецанаттың ауылына жиі келіп тұрады. Сол кезеңде мергеннің атақ-даңқы дүйім елге естіліп, жұрт арасында беделге ие болады. Кейкі мен Амангелді арасындағы достық қарым-қатынас көрініс табады. Бірде Кейкі жолаушылап жүріп Әбдіғапардың ауылына түседі. Әбдіғапар Кейкіні құрметтеп жылқысының ішінен айтулы бір арғымақты сыйға тартады. Жылқышылар арғымақты ұстай алмай көп сабылады. Сонда Кейкі мерген оңаша шауып бара жатқан арғымақты екі рет атып жібереді. Жылқы қалшылдап бір орында тұрып қалады. Арғымақты ноқталағаннан кейін жұрт жабылып қараса, жылқының төсі мен саурын сипап өткен оқтың табын ғана көріп қайран қалысады. Осындай мергеннің қолы сыналған оқиғалармен Кейкінің образы дараланып отырады.

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.