Еркебұлан Қайназаров: Жұмбақ айтыс – айтыс жанрының ішіндегі ең қиыны

Айтыс жырының ерекше бір түрі – жұмбақ айтыс. Онда негізінен табиғат құбылыстары, адам өмірі, жан-жануарлар, қоғам тіршілігі сынды көріністер жұмбақ түрінде, өлең қосылып айтылады. Сол арқылы қос ақынның таным-түйсігі мен ақыл-парасаты сынға түседі. Жұмбақ айтыстың ең алғашқы түрі қыз бен жігіттің қайымдасып, бір-біріне тосыннан сұрақ қойып, оған қолма-қол жауап қайтару нәтижесінде пайда болған. Ескеретін жайт - қарсыласқа қойылатын бір-екі ауыз жұмбақ айтыс тағдырын, үзілді-кесілді шеше алмайды. Бұл тәсіл тек әріптесін оқыстан тосып, тоқтатудың бір ғана мүмкіндігі болмақ. Көбінесе жұмбақ айтыстың жауаптары барынша жинақы, терең мағыналы болады. Осы арқылы ақынның суып сармалық қасиетінен бөлек, таланты, білім, тапқырлығы мен болжампаздығы сынды басқа да қасиеттері көрермен назарына ілініп, бәйгедегі бәсі де жоғарылай түседі. Айтыскер-ақын, журналист Нұрмат Мансұр және айтыскер-ақын Еркебұлан Қайназаров студия қонағы болып, жұмбақ айтыстың ережелері, қыр-сырлары, қазіргі уақыттағы жағдайы туралы сөз қозғады. «Жұмбақ айтыс – айтыс жанрының ішіндегі ең қиын, жүйкеге жүк түсіретін айтыс түрі. Қазіргі уақытта қолданылмайтын себебі де сол. Жұмбақ айтыстың насихатталмауы – оның қиындығы. Өйткені осы сәтте ақынның миында бірнеше процесс жүріп жатады: жұмбақты есту, ойлау, жауабын табу және шешімін өлеңге айналдыру. Тәжірибеде болмағаннан кейін кенжелеп қалғаны да рас. Қазіргі уақытта төл өнерімізге жастардың талпынысы жақсы. Меніңше, жұмбақ айтысы қазіргі ақындар айтысынан күрделі. Балалардың қызығушылығы бар. Алайда оларға үйрету үшін оны өзіміз сіңіруіміз керек», - дейді Еркебұлан Қайназаров. «Жұмбақ айтыстың қолданылмай жүрген тағы бір себебі – айтыстың баяғы формасын сақтамай жүрміз. Жұмбақ айтыс жылдам айтылатын айтыс емес. Бұл екі ауылдың арасында жүретін айтыс болған. Мысалы, жігіт жұмбағын жазып бір көрші ауылға жібереді. Ол басқа ауылға барғанша, келесі ауыл жұмбақтың жауабын тауып, шешімін қайтарғанша тағы он күн өтеді. Жұмбақтың шешеімін бүкіл ауыл болып табатын болған. Қызығы осы болған», - дейді Нұрмат Мансұр.

Просмотров: 12 221

Длительность: 14мин 31сек

Добавлено: 13.12.2017

Пользователь: Таңшолпан

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.