Тоқтар Әубәкіров: Адам алдына мақсат қойса, оған жету үшін барынша талпыну керек

Длительность: 15мин 32сек Просмотров: 113 Добавлено: 12.10.2017 Пользователь:
Описание: ҚР Халық Қаһарманы, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров студияда болып, өмірдегі жаңалықтарымен бөлісті. «Қазіргі таңда темір жол саласында қызмет жасаймын. Одан басқа жастармен жиі кездесіп тұрамыз. Басым бөлігінің сұрайтыны «Қалай ғарышкер болдыңыз?». Сондай-ақ ғарышкер, ұшқыш болғысы келетін жастар көп. Әрбір жас бала болсын, үлкен азамат болсын, алдына мақсат қойды ма, оған жету үшін жағдай жасауы керек. Қиыншылыққа төзіп, тоқтамау керек. Ғылым – философия. Ғарыш та тек техника емес, ол ғылым. Осы уақытқа дейін ғылым туралы көптеген кітаптар оқыдым. Дүниежүзінде көптеген адамдармен кездестім. Бірақ әлемдегі қазақтармен кездескенде таңқаламын. Қай жерге барсаң да әрбір бала домбыра ұстайды. Бірақ біз оларға жағдай жасай алмай отырмыз», - дейді ғарышкер.
Спонсор: Қазақстан
Категории: Интересные видео
Модели: Ирина Тен