Балаларға арналған паровоздарды елімізге алғаш әкелген кәсіпкер

Длительность: 3мин 51сек Просмотров: 241 Добавлено: 12.10.2017 Пользователь:
Описание: Жоқтан шығып, биік белестерді бағындырған жандар бізде жетерлік. Мысалы, 32 жасында миллионер атанып, көпке көмек көрсетіп жүрген Бауыржан Тілеубергенұлы. Сондай-ақ Бауыржан Тілеубергенұлы «Синергия» университетінің ректоры. Әкесі өмірден озған соң, анасы ұлын алып, туған жері Ресейге көшеді. Тұрмыстағы қиындықтарға мойымаған бала 5 сыныптан бастап, сабақтан соң әртүрлі жұмыс істеп, анасына қолғабыс еткен. Мектепті үздік тәмамдаған Бауыржан 19 жасында университетті аяқтап, мамандық алып шығады. Алдына биік мақсат қойған азамат білімі мен азды-көпті тәжірибесін ұлтқа қызмет етуге жұмсады. Елімізге электр қуатымен жүретін паровоздарды осы кәсіпкер әкелген. 6 жасында әкесінен айырылған Бауыржан баланың сол кездегі арманы – пойызға отырып, әлемді шарлау болыпты. «Шетелге жүрген паровоздар неге бізде болмасқа?» деген оймен тапсырыс берген екен. Қазір 25 паровоз Қазақстанда және көрші Қырғыз елінде балаларға қызмет етіп жатыр. Ұлыбритания көшелерінде жүретін екіқабатты автобустарды кәсіпкер 2015 жылы балаларға тосынсый жасап, елімізге Португалиядан алып келген.
Спонсор: Қазақстан
Категории: Интересные видео
Модели: Ирина Тен