Әлібек Әсетұлы: «ЭКСПО-2017» - елдер арасында тәжірибе алмасу алаңы болды

Бүгінде кез келген мемлекеттің басты байлығы – тұрақтылық пен ауызбіршілік. Осы бағытта жуырда елімізде Ислам ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті. Саммит төңірегінде қандай тақырыптар қозғалды? Алдағы уақытта қандай жұмыстар атқарылады? Осыған орай бүгін ҚР СІМ Жалпыазиялық департаментінің директоры Әлібек Әсетұлы бағдарлама қонағы болып, осы және өзге де сұрақтарға жауап берді. «Ислам ынтымақтастық ұйымы 1969 жылы құрылған. Бұл ұйымда ислам сөзі болғандықтан, көбісі ұйым дін мәселесін шешуге арналған деп ойлайды. Алайда, бұл - үкіметаралық ұйым. Бұл ұйымның күнтәртібі кең. Мысалы, экономикалық, саяси, мәдени сұрақтар қарастырылады. Қазақстан бұл ұйымға 1995 жылы мүше болып кірді. Содан бері біраз жұмыстар атқарылды. Ұйымға бүгінгі таңда 56 мемлекет мүше. Елімізде өткен саммит - ұйымның ерекше шарасы. Былтыр Стамбулда өткен саммитте Елбасымыз елімізде ғылым, технологияларға арналған саммит өткізу туралы ұсыныс жасаған болатын. Бұл бастаманы барлық мемлекет бірауыздан қолдады. Бұл ұйымның басты қорытындысы – екі құжат. Біріншісі - саяси. Оның басты мақсаты - ұйымға кіретін мемлекетттерді біріктіріп, ғылым, технология, инновацияларды бірігіп дамыту. Екінші құжат – 2026 жылға дейін қабылданған 12 қадамдық бағдарлама. Ол бағдарлама бойынша 56 мемлекет жұмыс істейді. Саммит барысында қазақстандықтардан тек қана саясаткерлер емес, ғалымдарды шақырту туралы ұсыныс түсті. Саммит барысында 5 ғалымға арнайы сый тараттық. Бұл шара әсіресе, жас ғалымдар үшін маңызды деп ойлаймын. Елімізде өткен «ЭКСПО-2017» көрмесі - елдер арасында тәжірибе алмасу алаңы болды. Ислам әлемі үшін көрменің тақырыбы мен бағдарламасы маңызды», - дейді студия қонағы.

Просмотров: 2 966

Длительность: 10мин 44сек

Добавлено: 14.09.2017

Пользователь: Таңшолпан

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.