Александр Иванов: Бәрі де темекіден басталады

Длительность: 12мин 51сек Просмотров: 589 Добавлено: 07.08.2017 Пользователь:
Описание: 30 жасар Александр Иванов үйленбеген. Нашақор. «Жасым қазір 30-да. Оқуымды тастап кеттім. Студент кезімде достарыммен анашаны шегіп көрдім. Маған ұнады. Сол бастағаннан, тоқтай алмадым. Анам айтса да, ұрысса да тыңдамадым. Күнде қолдана бастадым. Үйде не бар, сол затты сатып, анаша сатып алатынмын. Содан 10 жыл өтті. 6 ай ауруханаға жатып, жазылдым. Бір жарым жыл шекпедім. Кейін қайтадан бастап кеттім. Құрылыста жұмыс істеймін. Анашамен қатар, екпе де қабылдадым. Қазір екі ай болды қолданбағаныма. Көп қолданбасам жүйкем тозып, қобалжып, адам жақтырмаймын. Бәрі темекіден басталады. Тәуелді екенімді білемін. Өкінемін осы жағдайыма. Жақсы қыз кездіріп, отбасы болуды армандаймын», - дейді Александр.
Спонсор: Қазақстан
Категории: Интересные видео