Гүлжазира Серікқалиқызы: «Мүгедек болып қалам ба?» деген қорқынышты ішкі сеніммен жеңдім

Гүлжазира Серікқалиқызы - батыр қыз. Ол Қарағандыдан Алматыға өзінің аяғымен келді. Бұл осыдан 1 жыл бұрын мүкін емес еді. Өйткені, оған дәрігерлер «ешқашан төсектен тұра алмайсың, өмір бақи осылай таңылып жатасың» деген болатын. Ол өмірдің бағасын біледі. Үшінші баласына жүкті кезінде ол қатты қиналды. Омыртқасы сынып, ота жасатты. Дәрігерлер бала мен ананың өмірі үшін күреседі. Алайда, нәрестені сақтай алмады. Гүлжазира 4 ай еш қимыл-қозғалыссыз жатады. Сол қиын күндерден оны ішкі сенімі мен рухы алып шықты. Сүйген жары Марғұлан да оның төсектен тұрып кетуіне демеу болды. «2016 жылы бір басыма жетерліктей сынақтан өттім. Қызымды ваннада шомылдырып жатқанда арқама шаншу қадалып қалды. Сол күннен бастап денсаулығым нашарлады. Дәрігер шақырттық. Аяғым ісе бастады. Содан біраз дәрігерлерге қаралдым. Содан бір күні аяғымды сезбей, құладым. Аураханада жаттым. Дәрігерлер МРТ-дан кейін «омыртқа сынған» деді. Ол кезде үшінші балама аяғым ауыр еді. Ақ халаттылар консилиумда «не баланы, не сені сақтап қалу керек» деді. Шешім қабылдау керек болды. Мен мұндайды тек кинодан көретінмін. Отаға келістім, қол қойдым. Баланы алдыру керек болды. Қазір көбісі «неге баланы алып қалмады?» деген сұрақ қояды. Омыртқа сынғандықтан жұлынға зақым келген. Аяғым қозғалыссыз қалды. Ал, омыртқаға ота жасау үшін адам ішпен жату керек екен. Сондықтан баланы сақтай алмадық. Барлығы бітіп, анализ тапсырған кезде дәрігерлер «спондилит» диагнозын қойды. Былайша айтқанда сүйек туберкулезі. Мені әрі қарай емдеді. Бірақ, мен мойыған жоқпын. Берген дәрілерін дәрумен деп қабылдадым. Төсекте қозғалыссыз 4 ай жаттым. Қиналдым, ұйқы болмады. «Мүгедек болып қалам ба?» деген қорқыныш болды. Алайда, адамда ой тазалығы болуы керек екенін түсіндім. «Дертті жеңемін, жазыламын!» деген ой болуы қажет екен, соған көзім жетті», - дейді Гүлжазира.

Просмотров: 4 245

Длительность: 17мин 47сек

Добавлено: 02.08.2017

Пользователь: Айтуға оңай

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.