Роза Ақманбетова: Балалардың бақытты болғанын қаладым

Роза мен Луара қазір 6 баланың анасы. Апалы-сіңлілі қыздар оларды 2012 жылы Орал балалар үйінен асырап алған. 6 баланың 5-еуі - қыз, 1-еуі - ұл. Олардың үлкені Дана тұрмысқа шықса, қалғандары әлі мектепте оқиды. Балалар да бауырмал болып өсіп келе жатыр. Апалы-сіңлілер міндеттерін өзара бөліп лаған. 6 баланың қарыны тоқ, киімі бүтін болуы Розаның мойынында болса, Луара олардың тәлім-тәрбиесіне жауапты. Облыстық білім басқармасы таяуда Луараны балалар үйіне басшы етіп тағайындады. «Роза екеуміз бөлеміз. 2012 жылы құрбымыз Сания, ал бір жыл бұрын күйеуі Берік өмірден қайтты. Осылайша олардың балалары балар үйіне тапсырылатын болды. Сол кезде Роза апа маған ұсыныс жасады. Өзі денсаулығына байланысты бала асырай алмайтындықтан, мен алатын болдым. Өзім мұғаліммін. Үш күн ойландым. Балалар не дегенмен жасөспірімдер. Апам екеуміз тұрмыс құрмағанбыз. Роза апам екеуміз өзіміз үшін өмір сүргенше, мәнді өмір сүруді шештік. Ол кезде Әйгерім мен Дана нағашы әжесінің қолында болды. Кейін оларды Кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығына тапсырды. Барып, көрісіп тұрдық. Құжаттар жинадық. Сосын оларды алып кеттік. Таңнан кешке дейін жұмыстамыз. Бәріміз бірге тұрамыз», - дейді Луара Батырғалиева. «Ата-анамнан ерте жетім қалдым. Жетімдікті білемін. Бұл балалардың тағдыры мені өте қатты ойландырды. Балалардың бақытты болғанын қаладым. Біздің жанұяда, түсінетін ортада болса олардың жолдарын тауып кететініне сенемін», - деді Роза Ақманбетова.

Көрулер: 1 373

Ұзақтығы: 13мин 09сек

Қосылды: 24.07.2017

Пайдаланушы: Айтуға оңай

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.