Гүлперизат Өтебаева: Бала асырап алуымызға «Айтуға оңай...» бағдарламасы себепкер болды

Гүлперизат Өтебаева өрнек тоқып, кесте тігумен айналысады. Қазір бұл өнерге қыздарын да баулып жүр. Осыдан бірнеше жыл бұрын ол теледидардан тастанды балалар жайлы бағдарлама көріп қалады. Балаларға қатты жаны ашыған Гүлперизат бала асырап алуға бел байлайды. Бұл ниетін күйеуі Азамат та құп көріп, бірден іске кіріседі. Сөйтіп, көп ұзамай ерлі-зайыптылар балалар үйінен Ділназ бен Аружанды асырап алады. Өздерінің бір ұл, бір қыздары бар. Қазір Гүлперизат төрт баланың анасы. «Сіздердің бағдарламаларыңыз бізге себепкер болды. Үйде тігіс тігіп отырғанмын. Теледидардан Тараз қаласында бір ананың өзінің үш баласы болса да, тағы бес бала асырып алғаны туралы естіп қалдым. Бала асырап алу менің де ойымда жүрген болатын. Бірақ, үйіміз екі бөлмелі еді. Үйімізді кеңейтіп алайық деп жүрдім. Ішіме сыймаған соң күйеуіме айттым. Ол мені қолдады. Сөйтіп, балалар үйіне бардым. Екеуі жүгіріп шықты. Аружан ана туралы өлең айтып берді. Екеуіне көңілім қатты кетті. Ұнаттым. Күйеуіме суреттерін көрсеттім. Кедергі де болды. Сосын аяқ астынан үй алдық. Көп ойландым. Өйткені бұл – үлкен жауапкершілік. Күні-түні ұйықтай алмадым. Сезімім жеңді. Құжаттарды 7 ай дайындадық. Қыздарға айтуға қорқып жүрсем, қыздар бәрін біліп жүріпті», - дейді Перизат. Жұбайы Азамат та әр баланың өз несібесі барын айтады. «Тараздың тумасымын. Алматыда оқу бітіріп, Екібастұзға жұмысқа бардым. Гүлперизат нағашыларына қыдырып келген екен. Ол - Ақтаудың тумасы. Екібастұзда танысып, сонда отбасын құрдық. Әр баланың нәсібі бар. Ешнәрседен тарығып отырған жоқпыз», - дейді ол.

Просмотров: 4 323

Длительность: 11мин 01сек

Добавлено: 21.07.2017

Пользователь: Айтуға оңай

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.