Әнші Марат Омаров: Қазыбекті Италияға апарып, оқытуға дайынмын

Әнші Марат Омаров бағдарлама қонағы болды.  Белгілі өнер иесі уақыт өтсе де, естен кетпейтін оқиғасымен бөлісті. «Өмір болған соң әртүрлі жағдай болады. Әрқашан жанымызда жақсы адамның болғанын қалаймыз. Ортаға көп нәрсе байланысты. Ортаң жақсы болса, өзің де биікте боласың. Бүгін бір өкінішті жағдай есіме түсіп отыр. Әлде де үмітім бар. Біраз жыл бұрын «Балдаурен» байқауында әділқазылар қатарында отырдым. Сол байқауда жеңісті көлденеңнен келген шалғай ауылдың баласы алып кетті. Ол - қойшының жалғыз баласы Қазыбек Құрайышев деген інішек еді. Тума талант. Қазыбек ұлттық құндылықты сақтап, ұлттық киіммен, қолындағы қамшымен «Ақсиса» әнін  айтып, бәрімізді таңқалдырды. Италиядан келген әділқазы сонда маған ұсыныс жасады. «Мына бала - даланың қазағы. Италияға апарсақ, біраз жетістікке жетеді»,- деді. Мен Қазыбекті Астанаға шақыртып, біраз аралаттым. Содан балаға «Дайындал, Италияға оқуға барасың!», дедім. Грантқа тегін оқытатын болдық. Ол үйіне кетті. Сол кеткеннен хабарсыз. Ауылға қоңырау шалып, іздедік. Кейін Қазыбектің әнші болуына ата-анасы қарсы екенін естідім. 5 жылдан кейін Қазбектің өзі келді. Оның айтуынша, ата-анасы ән айтқызбай қойған. Ауылшаруашылық мамандығымен оқу бітірген. Бірақ, өнер адамдарына қарап, сахнаға шыққысы келетінін айтты. Екеуіміз де жыладық. Өмірде кездесетін осындай жағдайлар да болады. Сол кездегі сәттер әлі де есімнен кетпейді. Қазыбек келетін болса, қазір Италияға апарып, оқытуға дайынмын», - дейді әнші. Бағдарлама барысында жүргізушілер Қазыбек Құрайшевпен хабарласып, оның өмірінде болып жатқан жаңалықтар туралы естіді.

Просмотров: 3 555

Длительность: 20мин 23сек

Добавлено: 05.07.2017

Пользователь: Әйел Бақыты

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.