Қазақстанда киік санының азаюына не себеп?

Киік – қазақ халқы киелі деп санайтын жануарлардың бірі. Оны кейде ақбөкен деп те атайды. Киіктер ешқашан жетім қалған лақтарын далада қалдырмайды. Кез келген ақбөкен жолынан маңырап шыққан құралайды кездестіре қалса емізіп, өзімен ертіп кетеді. Ғалымдар егер киіктер ақылды, табиғат жағдайына тез бейімделгіш болмаса ежелгі мамонттар секілді жойылып кетер еді деген болжам айтады. Өткен ғасырдың 50-ші жылдары қазақ жерінде киіктің саны 2 млн асқанда оны кәсіптік жолмен аулауға рұқсат беріліпті. Алайда 1990 жылдары Қазақстанда киіктің саны миллионға жуық болса, он жылдан соң бұл көрсеткіш 20 есеге азайған. 2005 жылы жануардың саны 39 мың басқа түскенде оны атуға, аулауға тыйым салынды. Киік санының мыңдап азаюына екі түрлі себеп бар: браконьерлік шабуылдар және әлі күнге дейінгі себебі анықталмай келе жатқан инфекциялық аурулар. Бұл жануарлардың ауруға ұшырауы елімізде үлкен зерттеу жасауды талап етіп отыр. Бүгінде киіктің мүйізі қытай медицинасында үлкен сұранысқа ие. Мүйіз жануардың тек аталығында болатындықтан, нарықтағы сұраныс салдарынан популяцияда тепе-теңдіктің бұзылуы байқалады. Дегенмен, қуантарлық жаңалық бар. Барконьермен күресті күшейту нәтижесінде 2016 жылы киік саны 108 мың басқа жетсе, 2017 жылы 152 мың бас, ал былтырғы көрсеткіш бойынша 215 мың бас болған. Яғни, жылдық өсім 40 пайызды көрсетіп отыр.

Просмотров: 4 663

Длительность: 3мин 52сек

Добавлено: 17.05.2019

Пользователь: Таңшолпан

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.