Тәттігүл Қартаева: Ырым – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани мәдениетіміздің көрінісі

«Үй ішінде ысқырма», «жағыңды таянба», «таңдайыңды тақылдатпа», «тізеңді құшақтама» деген тыйым сөздерді бұрынғының балалары естіп өскен. Осыны естіп өскен ұл мен қыз әрине, есті болып өсетін. Бұл дүниенің түбінде ұлттық тәрбие, таным жатыр. Салт-дәстүр даланың жазылмас заңы десек, ырым мен тыйым сол заңның шағын тармақтары мен тармақшалары. Осы күнде баланы баулуда даланың осы заңдарын қалай қолданып жүрміз? «Qareket» бағдарламасының бүгінгі тақырыбы - «Қазақтың ырым-тыйымдары». Этнограф Тәттігүл Қартаева: Қазақтың ырым-тыйымдары – ерте заманнан ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани мәдениетіміздің көрінісі. Осы күнге келіп жеткен де, жетпеген де ырым-тыйымдар, наным-сенімдер бар. Олардың барлығы байырғы дінмен байланысты. Ислам діні келгенге дейін біздің жерімізде көптеген дін болған. Ол зороастризм, иудаизм, христиан, шаманизм, тотемизм, анимизм діні. Ал, 960 жылы біз ресми түрде Әбу Ханифа мазхабын қабылдадық. Ол дегеніміз біз салт-дәстүрімізді сақтап отырып, ислам дінін қабылдадық. Көптеген ырым, наным-сенімдер көне діни реликтер ислам дініне кіріп, күнделікті тұрмыс-тіршілікте көрініс тауып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен. Уақыт өте ислам дініне қайшы дәстүрлер тарих сахнасынан шығып кетті. Мысалы, ислам діні адам бейнесі мен жануар бейнесіне қайшы. Яғни, адам дүниеден өткеннен кейін басына адам бейнелеп тас қою. Адам бейнесі қашалған тастар соңғы рет XII ғасырда көрініс тапқан. Одан кейін олар көктас, құлпытастарға ауысты. Қазақ мемлекетінің кодына, ұлы даланың жеті қырының біріне айналған «Алтын адамдағы» қой, қошқар секілді жануарлар бейнесі де кейін сахнадан шығып, зооморфтық оюға айналды. Осы күнге жеткен наным-сенім, ырым-тыйымдар адам өмірінің барлық қырын қамтиды. Қазақ халқының өзінің дәстүрінің, тәрбиесінің, ұлттық мәдениетінің ерекшелігі - осы наным-сенімнен де көрінеді. Мысалы, бала ананың құрсағына бітіп, дүниеге келіп, оған есім беру кезі мен өмірінің барлығы наным-сеніммен тығыз байланысты. Яғни, жүкті әйел мен баланы сырт көзден сақтау үшін жасалатын және басқа да көптеген ырымдар. Қазақта ырымдардың барлығын жақсылыққа бағыттап жасаған.

Просмотров: 3 616

Длительность: 17мин 17сек

Добавлено: 15.05.2019

Пользователь: Қарекет

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.