Мереке Тауманова: Тастап кеткен анама көкейде жүрген сұрақты қоя алмадым

«Жерде жетім жыласа, көкте періште қайғырады» дейді қазақ. Соңғы үш жылда елімізде ата-анасыз қалған балаларға арналған 27 ұйым жабылды. Жетім балалардың саны 3 мыңға қысқарды. Бүгінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда 5046 бала тәрбиеленіп жатыр. Сол жетім балалар үлкен өмірге қадам басқанда қайда барады? Қандай жетістікке және қалай жетеді? Мемлекет оларға не ұсынады? «Shańyraq» бағдарламасының бүгінгі тақырыбы - «Жетімдік көрген тағдырлар». Студияға келген кейіпкерлер өз оқиғасымен бөлісті. Солардың бірі - балалар ұйымының түлегі Мереке Тауманова. Мереке Жезқазған қаласының тумасы, 4 баланың анасы. «Балалар үйінде 8 жыл тәрбиелендім. Ата-анам 3 жасымда бір кісілерге қарыз болғандықтан мені кепілдік ретінде беріп жіберді. Үйден қалай шыққаным, көлікпен Жезқазғаннан Қызылорда қаласына дейін барғаным есімде. Мен үйдің тұңғышы едім. Менен кейін ұлдар бар. Ата-анам қарызын өтеп, мені қайта алып кете алмады. Біреудің баласын біреу қарай алмайды. Ол кісілер мені бес жылдан соң балалар үйіне тапсырды. Балалар үйінде 16 жасыма дейін болдым. Оқыдым, тұрмыс құрдым, балалы болдым. Арада 26 жыл өткенде күйеуім анамды, бауырымды тауып берді. Бірақ анама ренжігенімді айта алмадым. Көп жыл бойы өзіме «не үшін осылай істеп кетті?» деген сұраққа жауап бере алмадым. Анама да көкейде жүрген сұрақты қоя алмадым. Кездескенімізге бір жыл болды. Одан кейін хабар жоқ. Мен хабарлассам, анам телефонды алмайды. Мүмкін ұялатын шығар, мен білмеймін. Бауырыммен араласамын. Қоғамда орын табу үшін өзіммен көп жұмыс жасадым. Қалай болса да жетістікке жетемін дедім», дейді Мереке.

Просмотров: 2 597

Длительность: 15мин 42сек

Добавлено: 19.04.2019

Пользователь: Шаңырақ

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.