Елордада Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім» атты фестиваль өтіп жатыр

Бүгін – қазақтың күйші композиторы, дирижері, домбырашысы Нұрғиса Тілендиевтің туған күні. Нұрғиса Тілендиев 500-ден астам музыкалық төл туындылардың авторы, домбыра арқылы айтар ойын жеріне жеткізе айтқан домбырашы. Ұлы тұлғаның туған күніне орай елорда төрінде «Өз елім» атты фестиваль ұйымдастырылды. Фестивальге бірнеше мемлекеттің өкілдері қатысты. Фестиваль аясында бүгін гала-концерт өтеді. Қырғызстан Республикасының Халық әртісі Мұратбек Бегалиев, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Ұлан Кенжебеков, әнші Нұржамал Үсенбаева «Tansholpan»-ның қонағы болды. «Бұл фестивальде қазылар алқасы қатарында болу мен үшін үлкен мәртебе. Бірақ біреуге баға беріп, тағдырын шешу - үлкен жауапкершілік. Қазіргі жастардың дауыстары керемет, фестиваль деңгейі жоғары», дейді Нұржамал Үсенбаева. «Биылғы фестивальге 5 мемлекеттің әншілері қатысты. Өнер додасы жыл сайын белесін биікке көтеріп келе жатыр. Нұрғиса Атабайұлының әндері жүрекке жылы. Ол әндерді орындау үшін арнайы дайындық керек және де әркімнің қолынан келе бермейді. Шетелден келген жастар қазақтың әнін қалай орындайды екен деген ой болды. Алайда олардың орындауындағы қазақ әндері қуантты. Сахнаға шыққан азаматтардың барлығы көңілден шықты», дейді Ұлан Кенжебеков. «Нұрғиса ағамызды бала кезімнен танимын. Бірге жұмыс істеген кезіміз де болды. Ұлы адамдарды ұмыт қалдырмай, жастарға шығармашылығын тарату қажет. Жастарға көңіл бөлген мемлекеттің болашағы жақсы» , дейді Мұратбек Бегалиев.

Просмотров: 1 986

Длительность: 15мин 11сек

Добавлено: 01.04.2019

Пользователь: Таңшолпан

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.