Әмеңгерлік қазіргі қоғамда қаншалықты орынды?

Әйел ерден кетсе де, елден кетпейді. Ата-бабамыз «аға өлсе жеңге мұра, іні өлсе келін мұра» деп, ері қайтқан әйелді әмеңгерлікпен сол әулеттің адамына қосқан. Мұның астарында бала ешкімге жалтақтамай, өз туысының бауырында өссін, өзге біреу өгейлік көрсетпесін деген жанашырлық жатыр. Әмеңгерлік мәселесін ру ақсақалдары кеңесіп, ағайын арасында талқыға салады. Жесір әйел бөгде біреумен отбасын құратын болса, жарының туыстары балаларын анасынан алып қалған. Әмеңгерлік саясаты қазақ елінде қашан басталғанын анық айту қиын. Бірақ бұл қазақ елінің дәстүрі болып танылады. Қазақ қазақ болғалы осы дәстүр өмір сүріп келе жатыр. Бұл дәстүр қазіргі қоғамда қаншалықты орынды? Әмеңгерліктің ережесі қандай? Әйел баласында таңдау болды ма, әлде ол міндет пе? «Qareket» бағдарламасында ұлттық дәстүрімізге қатысты туындаған көптеген сауалдарға арнайы мамандар жауап іздеді. Сондай-ақ, әмеңгерлік жолымен отбасын құрған кейіпкер Адас Төребекқызы өз оқиғасымен бөлісті. «Күйеуіммен кинода таныстық. Дос болдық, үйлендік. Балалы, үйлі болғанда күйеуім қайтыс болды. Ол кезде үлкен балам 5 жасар, кішісі 6 айлық. Әкем жоқ еді. Анам ауыл ақсақалдарын, енемді, қазіргі күйеуімді шақырып, мені алып кетуге рұқсат сұрады. Енем «далаға тастайтын балам жоқ» деп мені алып қалды. Екі жарым жыл жесір болдым. Ол кезде қайын ағам үйленген еді. Алты баласы бар. Бірақ әйелі ауырып, қайтыс болды. Абысынымның қырқы өткен соң, әмеңгерлікпен үйлендік», дейді кейіпкер.

Просмотров: 2 288

Длительность: 17мин 19сек

Добавлено: 12.02.2019

Пользователь: Қарекет

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.