Алмас Сырғабаев : Бір романды бір картинаға сыйдыруға болады

Балалар әдебиеті - сөз өнерінің арналы бір саласы. Әдебиеттің бұл түріне жататын шығармалар оқиғасының қызықты да тартымдылығымен, композициясының ширақтығымен ерекшеленеді. Балалар әдебиетінің негізгі мақсаттары: жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл-ойын дамыту, оларды адамгершілікке, отансүйгіштікке баулу. Ал, елімізде балалар әдебиеті қандай деңгейде? Балаларға арналған шетел әдебиеті мен отандық әдебиеттің айырмашылығы қандай? Суретшілер кітап саласындағы суреттерге неге қызықпайды? Балалар оқулықтарының иллюстрациясы елімзде неге ақсап тұр? Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, суретші Алмас Сырғабаев студия қонағы болып, осы және басқа сұрақтарға жауап берді. «Біз – жас мемлекетпіз. Дамыған мемлекеттерде балабақшада, бастауыш сыныптарда сурет талдайтын пәндер бар. Мысалы, арт-терапия. Тіпті, ол жақта емханаға барғанда баланың көңілін аулау үшін суреттер салынған. Мектепте бейнелеу өнер пәні, өнер тарихы сабақтары өтеді. Музейдегі экскурсоводтардың өздері бала. Демек, мәдениет қалыптасқан. Осындай тәрбие бізге келсе, тамаша болар еді», дейді суретші. Сондай-ақ,қылқалам шебері суретшілердің қаламақысы туралы сөз қозғады. «Түк жоқ деп айтуға болмайды. Жақсы дүниелер жасалып жатыр. Бір мәселе, баспада суретшілердің қаламақысы аз. Соған көңіл толмауы мүмкін. Сондықтан, суретте керек күш болмайды. Мысалы, Кеңес заманында Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы Седоркиннің иллюстрациясымен шыққан. Олкітап сұмдық оқылды. Себебі, сол кездегі идеология рухты көтеретін. Сондай дүние көбірек болса біздің ұрпақ та патриот болады. Керек десең, бір романды бір картинаға сыйдыруға болады. Пикассоның «әрбір сәби – суреткер», деген сөзі бар. Демек, ол оқып отырған дүниесін сурет арқылы қабылдайды. Иллюстрация - адамды тәрбиелейтін құрал».

Просмотров: 2 529

Длительность: 15мин 34сек

Добавлено: 15.01.2019

Пользователь: Таңшолпан

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.