«Qazaqstan zamany» газеті «Qazaqstan dauiri» болып өзгерді

«Qazaqstan zamany» аталып келген газет «Qazaqstan dauiri» деген жаңа атауға ие болды. Газеттің жаңа атауы не әкелмек? Газеттің жаңа жылға жоспары қандай? Қазақстан жазушылар және журналистер одақтарының мүшесі Ертай Айғалиұлы Алматы студиясының қонағы болып, сауалдарға жауап берді. «Біздің газет – Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштарының бірі. Тәуелсіздік алған жылы Түркия Президенті Тұрғыт Озал мен Елбасымыз бүкіл түркі елдерінің алтын көпірі болсын деп «Заман Қазақстан» газеті ашылып, алғашқы редакторы Қалтай Мұхаметжан болды. Содан бері газет халқымыздың үлкен көзайымына айналды. Кейіннен ол «Қазақстан заманына» ауысты. Газет қай кезде болса да ұлттық мүдде, қазақ елінің жағдайына қатысты мәселелерді көтереді. Жаңа жылда жаңа айдарлар ашылып жатыр. Олардың бірі «Әкім бол, халыққа жақын бол» айдары. Жалпы, өзіміз түйіндеп, он сауал ұйымдастырдық. Облыс, өңір бойынша әкімдерге көкейтесті мәселелер жіберіледі. Одан кейін оқырмандар газеттен сол сауалдардың жауаптарын оқитын болады. Жүрналист үнемі қозғалыста, ізденісте болуы керек. Жақында үлкен экспедиция ұйымдастырамыз. Ел, облыс, аудан, ауыл аралап, өзекті деген мәселелерді көтереміз. Елімізде 7 мыңдай ауыл бар екен. Әр ауылдың проблемаларын көтеруге ниеттіміз. 24-25 қаңтарда Астанада дөңгелек үстел ұйымдастырып, депутаттарды, министрлік өкілдерін, зиялы қауым, ауыл басшыларын шақыртып, осы проблемаларды ортаға саламыз деп жоспарлап отырмыз. Биыл - жастар жылы. Осыған орай жас журналистерге «Сен лапылдап жанбасаң...» арнайы айдар ашылды. Журналистер ел аралап, ауылдың жағдайын сезінулері керек», - дейді қонақ.

Просмотров: 2 445

Длительность: 11мин 40сек

Добавлено: 14.01.2019

Пользователь: Таңшолпан

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.