«Qareket». Хадиша Ысқақова жетпістен асса да кесте тігу өнерін тастамай келеді

Қариялық жасқа жету – тағдырдың үлкен сыйы. Жастық шақта жұмысбасты болған жандар – орындалмай қалған арман-мақсаттарын жүзеге асыратын сәт те осы. Сол сәттің шұғылалы маусымын текке өткізбей, тағдырға разылық білдіруден асқан бақыт жоқ шығар?! Қазақ «60 – тал түс» дейді. Осы сөздердің астарына үңіліп қарасақ, бұл дегеніміз өмірдің ада сапыранынан, қарбаласынан өтіп, жаймашуақ жасқа жеткеніңді аңғартады. Бейнеттің зейнетін көріп, немере мен шөберенің қолынан су ішіп отыратын шақ екен. Бірақ біздің қарияларымыз жасы 70-тен асса да қол қусырып отырған жоқ. Бірінің қолынан күрегі, қаламы түспесе, екіншісінің қолынан кестесі түспей отыр екен. «Әлеумет» бағдарламасының бүгінгі кейіпкері – 76 жасар зейнеткер Хадиша Ысқақова. «45 жасымда зейнетке шықтым. Содан бері кесте тоқумен айналысып келемін. Артымнан ілескен немерем бар. Сондай-ақ, үлкен қызым да мен сияқты құрақ құрап, кесте тоқиды. Кестені инемен тоқимыз. Ал, көрпелерді арнайы машинамен тігеміз. Немерелеріме суреттің көшірмесін жасап бер деп айтамын. Олар ұялы телефонына түсіріп алады. Сол суретке қарап отырып тіге беремін. Тоқымаларымды балаларыма, туыстарыма сыйға беремін. Бұл оңай тірлік емес. Былайша айтқанда, көздің майын тауысады. Ата-бабадан келе жатқан өнер. Жатсаң анау-мынау дүниені ойлап, ауыра бересің. Өзім көп отыра алмаймын. Сол үшін шамам келгенше инемді сабақтап кесте тоқимын. Тоқуды жастайымнан білетінмін. Алайда тұрмыс құрып, балалы болып, ол туралы ұмытып кеттім. Төрт ұл, үш қызым бар. Барлығын үйлендіріп, үйлі-жайлы қылдым. Қазір кенже баламның қолында тұрамын. Келінге бәрін тапсырған соң бос отырамын ба? Осылайша, кесте тоқумен айналысқаныма 10 жыл болып қалды», - дейді қолөнерді серік еткен әже.

Просмотров: 1 999

Длительность: 11мин 12сек

Добавлено: 08.01.2019

Пользователь: Қарекет

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.