14 жасар пианист Санжарәли Көпбаев дүниежүзіне танымал өнер иесі болуды армандайды

«Таңшолпанның» бүгінгі кейіпкері - табиғатынан ерекше дарынды бозбала Санжарәли Көпбаев. Музыка Санжарәли Көпбаевтың өмірінде маңызды орын алады. 14 жастағы жеткіншек әлемдік шығармаларды фортепианода шебер ойнайды. Бірнеше рет жеке концерт берген жас музыкант күрделі туындыларды орындаудан зор шабыт алады. Күн сайын 4-5 сағат уақытын фортепианоның алдында өткізеді. Санжарәли 5 жасында Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық музыка мектеп-интернатына оқуға қабылданады. Ұстазы Гүлжан Қазыбекова бүлдіршіннің фортепианоға икемін байқап, осы аспаптың қыр-сырын үйретіп жүр. Санжарәли 9 жасынан бастап республикалық халықаралық байқауларға қатысып, өзін шыңдап келеді. Жас музыканттың фортепианода шебер ойнауы - ұстаздарының сіңірген зор еңбегінің жемісі. «Санжарәлиді біздің мектептің алғашқы пианисті деп айтуға болады. Себебі, ол бала кезінен күрделі шығармаларды ойнай бастады. Ал, оны барлығы ойнай алмайды. Санжарәли музыканы сезіп, шығарманы тез жаттап алады. Оның қабілеті бала кезден ерекше. Мысалы, ол 3-ші сыныпта Бетховеннің «№5 сонатасын» ойнады», - дейді ұстазы Гүлжан Қазыбекова. Санжарәлидің екі ағасы кәсіби музыкант болса, інісі скрипка сыныбында білім алып жүр. Анасы Гүлжан ханымның айтуынша, ол нағашы атасы Қабдыбекке ұқсаған. Ол кісі көптеген аспапта шебер ойнайтын талан иесі болған екен. Жас өнерпаздың білікті музыкант болуы үшін ата-анасы барынша қолдау көрсетіп келеді. «Талантымды бірінші болып таныған – анам. Бала кезімде ән айтуды жақсы көретінмін. Анам осыны байқап дарынды балалар мектебіне алып келді. Өзіме тез және қиын шығармалар ұнайды. Мысалы, Шопеннің, Листтің шығармалары», - дейді жас өнер иесі. Санжарәли наурыз айында өтетін Халықаралық байқауға қызу дайындық үстінде. Жас болса да әлемдік деңгейдегі шығармаларды орындайтын ол болашақта дүниежүзіне танымал өнер иесі болуды армандайды.

Просмотров: 2 205

Длительность: 4мин 27сек

Добавлено: 08.01.2019

Пользователь: Таңшолпан

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.