Ғани Бейсембаев: ЖОО дипломын алған студенттің 50 пайызы мамандығы бойынша жұмыс істемейді

«1 студия» ток-шоуының осы аптадағы шығарылымына тестілеу жүйесіндегі биылғы өзгерістер мен жаңалықтар тақырыбы арқау болды. Студия қонақтары - ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов, «Ұлттық білім және инновация палатасының» төрағасы Мұрат Әбенов, «EDTECH» Халықаралық білім орталығының директоры Ғани Бейсембаев, ЕҰУ Қабылдау комиссияның жауапты хатшысы Мақсат Аралханов, Қазақ гуманитарлық-заң университетінің кафедра меңгерушісі Асхат Наметша. «Жалпы, ҰБТ жүйесін мұнымен тоқтап қалмай, одан әрі модернизациялау керек. Себебі, ЖОО қабылдау функциясын ғана алып отырғандықтан, қазіргі ҰБТ-гі оқу сауаттылығы мен математика сауаттылығын не үшін тексеретініміз түсініксіз. Бұл жерде ЖОО түсуге бағытталған тест жүйесін қалыптастыру керек. Мысалы, бірнеше ректорлармен тілдескен кезде көптеген ЖОО бір семестрден кейін -1000-ға жуық студентті оқудан шығарып тастап жататынын айтты. Өйткені, бала қанша жоғары балл жинағанымен, өздері грантқа түскен мамандықтарына көңілдері толмайды. Демек, үкіметтің қаншама қаржысы желге ұшып жатыр. Статистикаға сүйенсек, 70 пайыз оқушы ЖОО-на өз мамандығын таңдамай түседі. Екіншіден, ЖОО дипломын алған студенттің 50 пайызы мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Есептек көрсек, 2017 жылы ЖОО-на 276 млрд бөлінген. Қаражат желге ұшып кетті. Бұл тек мемлекет тарапынан берілген қаржы. Ал, оның сыртында ата-ананың берген ақшасы бар. Осы күні министрлікке оқушыларды ЖОО-на қабылдамас бұрын оның біліктілігін, мамандыққа бейімділігін, қабілетін анықтап болғаннан кейін ғана бағыттауды ұсынып отырмыз. Тек осы кезде ғана баланың құштарлығы, ЖОО рейтінгісі өсер еді. Одан кейін, қазіргі күні мамандықтарды енгізу туралы жаңалықтар бар. Бакалаврға жаңа өзгерістер керек. Өйткені, диплом тек қағаз болып қалды, оқушыға ешқандай кепілдік бере алмайды. XXI ғасырдағы жылдам өзгерістер заманында адамның алатын білімі оның болашақта он шақты мамандықты өзгертуге мүмкіндік беретін іргелі, адами дүниені қалыптастыратын білім болуы керек», - дейді «EDTECH» Халықаралық білім орталығының директоры Ғани Бейсембаев.

Просмотров: 2 678

Длительность: 5мин 44сек

Добавлено: 23.07.2018

Пользователь: Телеарна ұсынады

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.