Ақтөбелік Әлия Сағындықова мен Руслан Әбдірахмановтың ерекше махаббат оқиғасы

Адамдардың дос болып, бір-бірін сүюі үшін үлкен себеп керек жоқ. Жай ғана достықтан басталған кейбір оқиғалар берік отбасының шырағына айналып жатады. Оған бүгінгі ерекше кейіпкерлер дәлел. Ол ақтөбелік Әлия Сағындықова мен Руслан Әбдірахманов. Елімізде сал ауруымен аурыратын жандардың саны көп. Көбісінің өмірі төрт қабырғада өтеді. Олар отбасы туралы айтуға емес, армандауға да қорқады. Ал, біздің кейіпкерлер бақытты жандар қатарында. «Әлияға туған кезінен сал диагнозы берілді. Басынан қиын жағдайға тап болды. Өздігінен жүре алмай, жел болса да құлап жүрді. Қалай өскенін байқамай қалдық. Әрине, бой етіп отбасын құрамын дегенде бәріміз сенбедік те, қарсы да болдық. Өйткені еркектің бабын табу оңай емес. Өзінің денсаулығы белгілі. Алайда, жастар айтқанын қайтпады. Күйеу бала өзі той жасап, бәрін өзі көтерді. Екеуі бақытты, орталарында реніш жоқ», - дейді апасы Қанзия. «Бала кезімнен төсек тартып жаттым. Тамақ іше алмайтынмын. Өсе келе анам ауру туралы айтты. Дәрігерге көп бардық. 6 жасымда жүре бастадым. Сүйегім қатайып, өзім тамақ ішіп, сабақ оқи бастағанда достарым да пайда болды. Жолдасыммен интернетте таныстым. Басында дос болдық, мен аса мән бермедім. Ол маған үйленуге ұсыныс жасайды деп ойлаған жоқпын. Отбасым да қарсы болды. Себебі, менің денсаулығымнан қорықты. Туыстарым көнбеген соң, Руслан мені алып қашты. Біраз ренжісе де, балалы болған соң кешірді. Екеуіміздің дүние-мүлкіміз болған жоқ. Бәрін жаңадан бастадық. Көп уақытқа дейін анам күйеуім мені тастап кетеді деп ойлады. Алайда, отбасын құрып, балалы болып отырмыз», - дейді Әлия. «Әлия екеуміз пәтер жалдып отбасын құрдық. Балалы болған соң пәтерімізді кеңейтсек дейміз. Үй алу үшін кезекте тұрмыз. Екеуінің өмірі менің мойнымда. Болашақта Әлияны емдеткім келеді» , - дейді Руслан.

Просмотров: 2 633

Длительность: 33мин 34сек

Добавлено: 12.07.2018

Пользователь: Қарекет

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.