Бұдан былай Парламент пен Үкімет жұмысын мемлекеттік тілде жүргізеді

Ақпан кетіп, наурыз келді. Кей өңірлерде жылымық жел соғып, көктемнің лебі есті. Кейбірінде қыстың дәурені әлі біте қойған жоқ. Осындай мезгіл алмасқан шақта Ақордада мемлекет құраушы ұлттың мерейін асырған тапсырма берілді. Бұдан былай Парламент пен Үкімет жұмысын мемлекеттік тілде жүргізеді. Аптаның алғашқы күні Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдаған Президент ана тілдің абыройын арттыру мәселесіне айрықша тоқталды. «Біз қазақ тілінің дәрежесін көтеруге қатысты жұмыс істеуіміз керек», - деді. Қазақ тілін кириллицадан латын қарпі графикасына алмастыру - сөзсіз тарихи шешім. Елбасы министрге жаңа әліпбиге кезең-кезеңмен көшудің маңыздылығын ескерте келе, қазақ тілін оқыту әдістерін жетілдіру мәселесін де жан-жақты зерттеп-зеределеуді тапсырды. Кездесуде сонымен қатар, отандық телеарналардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жайы талқыланды. Көптің де қалауы сол ғой, Президент отандық телехикаялардың сапасын жақсартып, масс-медиа арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселесіне айрықша тоқталды. Мұқият тыңдап болған соң министр Дәурен Абаев Елбасына «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылар ауқымды жұмыстар жайында айтты. Бұл бағытта министрлік тарапынан 100-ден аса шара жоспарланған.

Просмотров: 1 736

Длительность: 2мин 46сек

Добавлено: 04.03.2018

Пользователь: Аpta

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.