Майра Айсина: Латын әліпбиіне көшу - әбден пісіп-жетілген мәселе

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсина студия қонағы болды. Бүгінгі қоғамдағы әйелдер үшін не маңызды? Мәжіліс депутаты елімізде соңғы болып жатқан айтулы өзгерістерге, оның ішінде, латын əліпбиіне қатысты ойымен бөлісті. «Өмірде әр түрлі жағдайлар болады. Бірақ, қоғаммен, халықпен жұмыс істеген соң әйел баласы көңіл-күйін көрсетпеген жөн деп санаймын. Жүріс-тұрысымыз, іс-қимылымыз халыққа үлгі болуы тиіс. Қазақстанда әйелдердің үлесі 52 пайызды құрайды. Бүгінгі таңда қоғамда олардың мәселелері көп. Елімізде қандай шаруа жасалса да, бәрінде әйелдер болуы керек деп ойлаймын. Әйел - үйдің сәні, берекесі. Үйде бәрін үйлестіріп отырған қыз-келіншектер қоғамда да дұрыс қадамдар жасай алады. Латын әліпбиіне көшу мәселесі әбден пісіп, бабы жеткен мәселе. Онымен келіспейтін адам жоқ. Бірақ, әріптерге қатысты сұрақтар көп. Халыққа қалай ыңғайлы болатыны талқылануда. Биылғы сессия осы латын әліпбиіне ауысу мәселесімен басталды. Көптеген пікірлерді тыңдадық. Әлі де талқылануда. Технологияға қатысты айтар болсақ, қазір бәрі дамыған. Жастардың көзі ашық. Ол жағынан кешілік болмайды деп ойлаймын», - дейді депутат.

Просмотров: 2 849

Длительность: 12мин 52сек

Добавлено: 29.09.2017

Пользователь: Таңшолпан

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.