Даурен Абаев: «Qazaqstan» ұлттық арнасы - қазақтың қара шаңырағы

«1958 жылдың 8-наурызында Алматы қаласында алғашқы телевизиялық хабарлар жүре бастады. 60 жылдың ішінде ұлан-ғайыр жұмыстар атқарылды. Елімізді, жерімізді дүниеге танытуда қазақ телевизиясының атқарған еңбегі ұшан-теңіз. «Біздің тарихымыз шағын ғана телестудиядан басталды. Көрсетілетін хабарлар Алматы қаласының төңірегінен асқан жоқ. Бірнеше жылдан кейін «Қазақстан» барлық облыстарда өзінің телевизиялық станцияларын ашып, сонда журналистер қызмет етті», - дейді қазақ телевизиясының ардагері Сұлтан Оразалин. «Отандық тележурналистиканың алдында үлкен міндеттер тұр. Екі-үш жылдың ішінде біз аналогтық хабар таратудан толықтай цифрлық жүйеге көшуіміз керек. Спутник желісі арқылы теледидар көретін жерлестеріміз де көбейеді. Отандық сериалдардың саны артады. Осы жұмысқа барлық мемлекеттік және жекеменшік арналар атсалысады.Мұның барлығын мықты дәстүр деп білемін. «Qazaqstan» ұлттық арнасы - қазақтың қара шаңырағы», - дейді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Даурен Абаев. «2011 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Ұлттық арна 100 пайыз қазақ тілінде хабар тарата бастады. «Ұлттық» деген сөздің өзі телеарнаның бар болмысын айқындап тұр. Бүгінде әлем өзгеруде. Еліміз сол әлемде болып жатқан өзгеріспен бірге алға жылжыды. Бұл өзгерістерге телевизия әркез дайын болып, қоғамның болашақтағы дамуын болжай білуі керек. Өйткені, кез келген қоғамдағы телеарна - сол қоғамның тынысы, өмірдің айнасы. Бүгінгі ұрпаққа қандай дүние көрсетсек, ертең сондай қоғам қалыптасады. Сондықтан, телевизия жаңа қоғамдық құндылықтарды, зор талғамды қалыптастыруда қызмет етіп, интеллектуалды ұрпақтың өсуіне ықпал жасауы керек. Біз - мемлекетіміздің киелі атауын иеленген бірден-бір ұжымбыз. Ол бізге мақтаныш сезім ұялатады және үлкен жауапкершілік жүктейді. «Qazaqstan» телеарнасының жаңа форматына өзгерген, жаңарған үлгісіне баға берер талғампаз көрермен – өздеріңіз », - дейді «Qazaqstan» телерадиокорпорациясының басқарма төрағасы Ерлан Карин.

Просмотров: 3 435

Длительность: 2мин 23сек

Добавлено: 28.08.2017

Пользователь: Таңшолпан

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.