Қаржы пирамидасына алданған Қаламқас Қосаева оқиғасымен бөлісті

Қаржы пирамидасы қара түнек сияқты. Оның басында мақсаты айқын бір адам тұрады. Өзінің ойын жүзеге асыру үшін басқалардың ақшасын пайдаланады. Сондай қаржы пирамидасының құрбанына айналған Қаламқас Қосаева бағдарламаға келіп, мұңымен бөлісті. 10 жылға жуық мектепте директордың орынбасары болған Қаламқастың 2 қызы бар. Өз мамандығы – бастауыш сынып мұғалімі. Осыдан екі жыл бұрын танысы «ақша астында қаласың» деп бір компанияға шақырады. Жақсылыққа жанымен сенген ол «Алтын уақыт» компаниясының сенімді уәкілі болып шыға келеді. Адамдар шақыра бастайды. Өз командасын құрады. Сөйтіп, компанияға артынан 12 адам кіргізеді. Жан-тәнімен сенгендігі соншалық, істеп жүрген жұмысын да тастайды. Ең соңында тұрып жатқан үйін де сатады. «2015 жылдың сәуір айында аудан бойынша «Үздік мұғалім» атанғандардың бірімін. Мен тек педагогикалық жолмен келе жатқан жан едім. Сол жылдың маусым айынан бастап осы бір компанияға кірдім. Екі баланы асырап отырған жалғызілікті анамын. Екі жерде жұмыс істеймін. Бірақ, 40-тан асқаннан кейін адам шаршайды екен. Күндердің күнінде танысым «Алматы қаласынан бір адам келе жатыр. Соны тыңда. Мүмкін, керек болып қалар», - деді. Шақырған жеріне бардым. Компания туралы керемет жарнама жасады. Мен өмірімде маркетинг туралы оқымадым. Бірінші және соңғы компаниям. Кім қиналмайды қазір? Бірақ, алданбау керек. Сабыр мен қанағат бар жерде бәрі де болады. 2 жыл болды осы компанияға ақша салғалы. Үйімді сатып, 1 700 000 теңгені салдым. Бүгінгі таңда үйсіз, жұмыссыз жүрмін. Қазір өмірім қалай өтіп жатқанын сөзбен жеткізе алмаймын. «Командалық жұмыс» деген соң 12 адамды артымнан ертіп алдым. Мен ақша салған соң, олар да ақшаларын салды. Тіпті, жасы келген адамдар да несие алып, қаражатын компанияға салды. Кейін 12 адам «ақшамды тауып бер» деп есігімді қағатын болды. Екі қызымның есік қаққан сайын уайымы көбейді. Талай адамның көз жасына қалдым. Қазақстанда қаржылық пирамида өршіп жатыр. Бүгінгі таңдағы қазақтың білімі, санасы оған дайын емес. Қаржылық сауаттылық жоқ. Компания президенті - 60-тан асқан әйел. Сол кісіге барып, жеке сұхбатқа кірдім. «Компаниядан шығамын, ақшамды қайтарып беріңіз», дедім. Маған айтқан жауабы қысқа болды: «арызданып жатқандардан алғашқы да, соңғысы да емессің». Арамызда ешқандай келісімшарт жоқ. Мұндайға шектеу бола ма, жоқ па? Неге қазақ бір-бірін алдайды? Мектепте балаларды «алдама, біреудің ақысын жеме» деп тәрбиеледім. Қазір айтар сөзім жоқ. Ол компанияларға осы күнге дейін адамдар кіріп жатыр», - дейді Қаламқас.

Просмотров: 5 314

Длительность: 15мин 52сек

Добавлено: 13.07.2017

Пользователь: Айтуға оңай

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.