Назерке Сұлтанбек: «Қазақстан» барысы 7-8 адамның еңбегінің нәтижесі

2-шілде күні Астанада сом білекті, арыстан жүректі палуандардың басын біріктірген «Қазақстан барысы» турнирі өтеді. Осыған орай бағдарламаға «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорының баспасөз хатшысы Назерке Сұлтанбек келіп, сұхбат берді. «Қазақстан барысы» осымен жетінші рет өтпекші. Бес жыл бойы турнир «Сарыарқа» республикалық велотрегінде ұйымдастырылып келді. Ол жерде ойынды 9000-ға жуық жанкүйер тамашалай алатын. Биылғы турнир 2015 жылы есігін ашқан «Барыс Арена» заманауи спорт кешенінде өтеді. Ол жерге 12 мыңға жуық көрермен сияды. Осы орайда ұлттық спорт жанкүйерлерінің санын арттырып отырмыз десек те болады. Басты ерекшелік - осы. «Қазақстан барысы» тек спорттық шара емес, ол жерде ұлттық мәдениетіміз, өнеріміз көрсетіледі. Палуандардың шығуы, қазақтың шапаны, сегіз бұрышты кілем - осының барлығы жоспарланған. Ең бастысы – тұрақтылық. Жеті жылдан бері турнирді кішігірім команда ұйымдастырып келе жатыр. 7-8 адамның үлкен еңбегінің нәтижесі», - дейді Н.Сұлтанбек. Сондай-ақ, биылғы жарысқа жастардың көп қатысатынын атап өтті. «Биылғы маусымды жастардыкі десек те болады. Соңғы үш жылдағы жеңімпаз Бейбіт Ыстыбаев дода ережесі бойынша іріктеусіз, финалға өтуі тиіс болған. Алайда, өз шешімі бойынша биылғы ойыннан бас тартты. 34 палуанның ішінде 11-і додаға қатыспаған дебютанттар. Дайындықтары жоғары. 29 маусым күні палуандардың барлығы Астанаға келеді», -дейді. Естеріңізге саламыз, доданы 2-шілде 13:00-де «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Просмотров: 3 831

Длительность: 8мин 47сек

Добавлено: 27.06.2017

Пользователь: Таңшолпан

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.