Несібелі Ибрагимова: Құлдыққа енем сатып жіберді

Адамның басты байлығы – бостандығы мен еркіндігі. Алайда, бұл құндылықтарға шектеу қойылып, еңбегі аяусыз қаналып жатқандар бар қоғамымызда. Құлдық құрсауына түскен кейіпкердің бірі - Несібелі Ибрагимова. Оның айтуынша, Мәскеу қаласына құлдыққа енесі сатып жіберген. «Мен Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданының тумасымын. Биыл 22-ге толамын. Анам екеуміз Шымкент қаласында пәтер жалдап тұрдық. Анам зейнеткер. 9-сыныптан кейін Астана қаласындағы колледжге оқуға түстім. 2013 жылы тұрмысқа шықтым, бір қызым бар. Күйеуім қыдырып, арақ ішіп, шегіп, үйдегі дүниені сатып, үйге келмейтін. Уақыт өте келе ажырастық. Кейін енем қайта-қайта хабарласып, анамнан, менен кешірім сұрап, күйеуіммен қосылуымды өтінді. Мен оған сеніп, қайта қосылдым. Бір күні енем «біз Мәскеуге барамыз» деді. Алдымен күйеуім кетті. Әуежайда енем маған «шаруаларым шығып қалды, өзің кете бер, мен бір аптадан кейін барамын, сені сол жақта келінім күтіп алады», деді. Мәскеуге өзім кеттім. Бірақ, енемнің келіні емес, бөтен адамдар күтіп алды. Олар мені сол Мәскеудегі бір дүкенге апарды. Сол дүкеннің иесі құжаттарымды, телефонымды алып қойды. Бір-екі күн маған жақсы сөйлеп, тауар сатуды үйретті. Біраз уақыттан кейін ол маған дөрекі сөйлеп, ұрса бастады. Тамақ бермейтін. Қара нан мен су ішіп, сол дүкенде ұйықтап жүрдім. Сосын олар мені ұра бастады. Өстіп 6 ай азап көрдім. Қыркүйек айында ол жақтан қашып шықтым»,- дейді Несібелі.

Көрулер: 5 214

Ұзақтығы: 51мин 44сек

Қосылды: 20.02.2017

Пайдаланушы: Әйел Бақыты

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.