Бейсен Құранбек: Жылдар бойы көрермен жоғалтпай ұстап тұру – қиынның қиыны
Ұлттық арнаның «Айтуға оңай...» бағдарламасының жүргізушісі, белгілі журналист Бейсен Құранбек «Бүгін жексенбіге» сұхбат берді. Бейсен Құранбек телеарналар мен басылымдарға сұхбат беруге жиі келіспейді. Бұл – ұстаным ба, әлде өзге де себептері бар ма? «Айтуға оңайдың» эфирге шыққанына 5 жыл болды. Бағдарлама осы бағытта қала ма әлде өзгерістер бола ма? «Күнделікті ұсынылатын хабарды бір жыл үзбей шығарудың өзі қиын. Ал, бес жыл бойы тақырып тауып, көрермен жоғалтпай ұстап тұру – қиынның қиыны. Доғарайық деп жылда айтамын. Елдің тілегі мен ниеті, басшылықтың сұрауы болар, тоқтамай келе жатыр. Бірақ, әр нәрсенің өз уақыты бар. Біздің қоғамдағы тұрмыстық-әлеуметтік мәселелерді ортақ қазанға салып қайнатып отыратын бәрібір бір ток-шоу керек», дейді журналист. Белгілі тележүргізуші сондай-ақ, отбасы, қызмет, қыз бала тәрбиесі туралы пікірлерімен бөлісті. «Адам өмірінде тепе-теңдік болғаны дұрыс. Отбасын да, қызметті де қатар алып жүру керек. Басыңмен жұмысқа кіріп алу да - қателік. Бұрынғыдай емес, қазір демалысқа уақыт табуға тырысып жүрмін. Ал, қыз бала тәрбиесіне келсек, олардың білімді, тәрбиелі, ақылды болғаны дұрыс. Бірақ, мұның бәрі отбасынан жоғары тұрмауы керек», дейді. Қоғамға белгілі тұлға үлкен қызметтерден неге бас тартты? Сұхбаттың толық нұсқасынан біліңіз.
Көрулер: 18 644
Ұзақтығы: 13мин 32сек
Қосылды: 19.02.2017
Пайдаланушы: Бүгін жексенбі
Телеарна: QAZAQSTAN
Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.
Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.