Скринингтен өту ережелері туралы не білесіз?

Әр азамат денсаулық жағдайын білу үшін еліміздің барлық емханаларында скринингтен өте алады. Жас ерекшелігіне байланысты оларға түрлі дәрігерлік тексеру жүргізіледі. Жергілікті емхананың тіркеу орнына келген тұрғын скринингтен өтпеген болса компьютерде қызыл жанады. Содан кейін ол дәрігерге дейінгі кабинетке барып, жүрегін тексертіп, қандағы холестерин мен қантты анықтау үшін анализ тапсырады. Ал, егде жастағы адамдардың қан қысымы мен көзінің көру деңгейі анықталады. Елімізде жыл сайын скрининг жүргізу нәтижесі бойынша 40 пен 70 жас аралығындағы әйелдердің сүт безі обырының 7 пайыз, 30 бен 70 жас аралығындағы әйелдерде жатыр мойынының қатерлі ісігі 9 пайыз, 50 мен 70 жас аралығындағы адамдарда тоқ ішек пен тік ішек обыры 10 пайыз, қант диабеті 3 пайыз, глаукома 12 пайыз, созылмалы гепатиттің В және С түрінің 6 пайызы анықталды. Егер тексерілген адамның бойынан ауру белгілері анықталса дәрігер есепке алып, қажетті ем тағайындайды. Ал, скринингтен өтпей, денсаулығына бейжай қараған жандар емханадағы басқа емдік процедураларды ала алмайды. Сондықтан ел тұрғындарының 90 пайызы скринингтен өтеді. Студия қонағы дәрігер Есжан Қанапия скринингке қатысты сауалдарға жауап берді.

Көрулер: 2 081

Ұзақтығы: 13мин 32сек

Қосылды: 21.05.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.