Бүгін – ақын Ұлықбек Есдәулеттің туған күні

Бүгін – ақын, жазушы, журналист Ұлықбек Есдәулеттің туған күні. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлығының иегері және ҚР жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет 1954 жылдың 29 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында дүниеге келген. Ұлықбек Оразбайұлы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курстардың поэзия бөлімін бітірген. Ақынның еңбектері әлемнің біраз тілдеріне аударылды. Оның сарқылмас сыры неде? Ұлықбек Оразбайұлы Алматы студиясының қонағы болып, шығармашылығындағы жаңалықтармен бөлісті. «Ақындықпен жолдас болудың қиыны да, қызығы да бар. Ақындық кәсіп емес. Ол дерт секілді дүние. Сарқылу барлық үлкен-кіші суға тән нәрсе. Менің ұстазым, ақын Қуандық ағамыз былай айтқан сөзі бар: адам жаза, жаза сарқылады. Сондай кезде аудармамен айналыс. Басқа елдің мықты ақындарын қазақ тілінде сөйлет. Сонда сарқылғаныңды сезбей қаласын. Сол ережесін ұстанып келе жатырмын. Сондықтан сарқылғанды сезген жоқпын», дейді ақын.

Көрулер: 2 221

Ұзақтығы: 11мин 39сек

Қосылды: 29.04.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.