Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары көру мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «ақылды таяқ» ойлап тапты

Алматы қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінің информатика және робот жасау пәнінің мұғалімі Мақпал Мұқанова «2017 жылдың STEM педагогі» атағының жеңімпазы. STEM – оқытудың біріктірілген тәсілі, оның шеңберінде академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі. Бұндай тәсілдің мақсаты – мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM-сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату. Мақпал Мұқанова «Tansholpan»-ның қонағы болып, байқау, жобалары, жоспары туралы әңгіме қозғады. «STEM» байқауына көптеген елден барлық пән мұғалімдері қатысты. Олардың бізден айырмашылығы жоқ. Үлкені, кішісі болсын ынтамен жұмыс істейді. Бір ерекшелігі – бізде ғылым, технологияға жастар қызықса, ол жақта үлкен кісілер де қызығады. Біздің мектепте әлеуметтік маңызы бар жобаларға көп назар бөлінеді. Сондай жобалардың бірі – көру мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «ақылды таяқ». Таяқтың вибросенсоры бар. Ол адамға жай таяқшаға қарағанда неғұрлым үлкен көмек береді. Біздің мектептің тағы бір әлеуметтік жобасы - мүмкіндігі шектеулі мектеп оқушыларына көмек беретін мобильді қосымша. Демек, қолмен санауды үйрету және тіл қабілетін жоғарылату. Мобильді қосымша арқылы мүмкіндігі шектеулі мектеп оқушылары санауды үйреніп, тапсырмаларды орындайды», дейді қонақ.

Көрулер: 1 466

Ұзақтығы: 7мин 52сек

Қосылды: 25.04.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.